17.05.2023, 16:52 24886

Бішкек маңында қарулы лаңкестің көзі жойылды

Атыс кезінде екі адам жараланды
Қырғызстанның Шу облысы Дмитриевка ауылында арнайы операция барысында қарулы лаңкестің көзі жойылды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының екі қызметкері жараланды, деп хабарлайды Astana TV.

Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 17 мамырда таңертең арнайы жасақ елдің оңтүстігінде бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстамақ болған.

Алдын ала мәлімет бойынша Сириядағы соғыс қимылдарына қатысып келген ер адам қарулы қарсылық көрсетіп, соның салдарынан өзі оққа ұшқан. Қазіргі кезде оның ықтимал сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Террористің көзі жойылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары жүр. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі.


Арнайы операция кезінде арнайы жасақ сарбаздары жеңіл жарақат алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны