COVID-19 вакцинасы аллергенді және реактогенді емес - сарапшы
Оның айтуынша, вакцина компоненттерінде аллергендер жоқ. Алюминий гидроксиді компонентінің реактогенділігі бұған дейін басқа вакциналарға анафилаксиясы болған пациенттер үшін ғана аздап болады.
Халықаралық мәліметтер мен вакцина әзірлеушілердің айтуынша, вакцинаның құрамы бойынша да біз бұл вакцинада арнайы аллергенді заттар жоқ екенін білеміз. Бұл аллергенді және реактогенді емес. Көптеген компоненттер, мысалы, неомицин, альбумин, альфа глобулин басқа вакциналарда аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда біз жалғыз реактогендік компоненті бар вакцина туралы айтып отырмыз - бұл алюминий гидроксиді, ол белгілі бір реакция бере алады, мысалы, бұған дейін вакцинация кезінде асқынулар болған науқастарда. Егер бұрын ауыр реакциялар болса, әсіресе бірінші дозаға – анафилаксия болса, онда, әрине, бұл пациенттерге вакцинация ұсынылмайды. Бұл абсолютті қарсы көрсетілім. Көптеген созылмалы аурулар үшін абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсеткіштер бар. Бірақ бұл жағдайда вакцинация туралы шешімді дәрігермен бірге қабылдау керек, өйткені КВИ асқынуының бірінші тәуекел тобына созылмалы аурулары бар науқастар жатады", - деп кеңес берді сарапшы.
Дегенмен, аурудың алдын алу және індетке қарсы шаралар мәселесі әрқашан болуы керек.
Вакцинация – COVID-19 алдын алудың басты шарасы, деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1 ақпанна бастап 823 498 азамат өз еркімен вакцинаның 1-ші компонентін алса, 132 803 азамат 2-ші компонентімен егілді. Бұл ретте спикер "Спутник-V" вакцинасының 1-ші және 2-ші компоненттерін алудағы инвтервал 60 күнге дейін созылғанын жеткізді.
COVID-19 алдын алудың басты шарасы вакцинация болып табылады. Халықтың вакцинаға деген қолжетімділігін одан ары арттыру үшін Үкімет тарапынан үлкен талаптар қойылып, қадағалануда. ДСМ тарапынан вакцина жеткізу, оны сақтау және тарату кезінде суық тізбек режимін сақтауға баса назар аударылады. Бүгінде ұйымдастырылып жатқан барлық егу мунктеріне мамандар арнайы дайындалуда. Бұл дайындық жұмыстары күнделікті қатаң тәртіппен бақыланып отырады және қажетті жағдайда қосымша оқыту ағарту жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, халық арасында үгіт насихат жұмыстары көп жүргізілуде", - деді А.Қуатбаева.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 2021 жылғы 13 наурыздан бастап, індет жұқтырудың зертханалық дәлелденген 300 733 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы күні 2894 жағдай анықталды. 257 278 науқас COVID-19 жазылып шықты. Сонымен қатар, КВИ зертханалық түрде дәлелденбеген, бірақ клиникалық көріністері бар пневмониямен ауырғандар саны 52 255, соңғы күні 107 жағдай тіркелді.
Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелді. Соңғы күні Алматыда - 698 жағдай, Нұр-Сұлтанда - 511 жағдай, Қарағанды облысында 228 жағдай анықталды.
Иммундау курсы 21 күндік интервалмен екі кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентімен 823 000-нан астам адам, екінші компонентімен 132 000-нан астам адам қамтылған. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл осындай деректерді келтірді.
Оның айтуынша, вакцина алғандардың арасында созылмалы аурулары бар адамдар да бар. Ал екпеге реакция болу жағдайлары өте аз тіркелген.
Бірінші компонентпен егілген созылмалы аурулары бар адамдардың саны 32 314 адамды құрайды, созылмалы аурулары бар 8397 адам толық курсты аяқтады. 60 жастан асқан 121 мыңнан астам адам иммундау курсын бастады, 8000-нан аса адам аяқтады. Бүгінгі күні иммундаудан кейін елеулі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Сонымен қатар, вакцина алғандардың 0,4%-да жергілікті және жалпы - жоғары температура, қан қысымының қысқа уақытқа көтерілуі, инъекция орнының қызаруы және ауырсыну түріндегі күтілетін реакциялар тіркелді", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда жұмысқа шығар алдында ПТР-тестілеуді міндетті түрде тапсыру нормасы сақталып отырғанын жеткізді. Бұл жоғары сырқаттанушылыққа және адамдарды вакцинациялау көрсеткіші әлі де төмен болуына байланысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.