28.01.2025, 12:37 18931

Елордада көктемгі су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр

Астанада су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қызу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. .

Қазіргі таңда Байқоңыр ауданында су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қолға алынды.

Су тасқынына қарсы шаралар аясында аудан әкімдігінің және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен тұрғын алаптарда күшейтілген жұмыстар жалғасуда.

Оның ішінде арық-науа желілерін тазалау, қарды уақытылы шығару, сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарына хабарламалар тарату жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы аудан бойынша су тасқынының алдын алу шараларына 60-тан аса арнайы техника мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Қыс мезгілі басталған сәттен бастап бүгінге дейін аудан аумағынан қар полинонына 7 мың текше метрден аса қар шығарылды.

Жеке сектор тұрғындары су басу қаупінің алдын алу мақсатында өз аулаларының қарын жолдың бойына (жеке сектор аумағынан қалалық аумаққа) шығарып қоюы қажет.

Жиналған қар үйінділері арнайы техникалардың көмегімен қала сыртына шығарылатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны