29.01.2025, 14:34 34606
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.
Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.
Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.
Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.01.2025, 18:56 206
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 17:52 351
Әсет Нүсіпов ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әсет Ілиясұлы Нүсіпов сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Иллинойс технологиялық институтын (АҚШ) бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында "Ұлттық инновациялық қор" АҚ менеджері болып бастаған.
2006 жылдан 2008 жылға дейін "Flagship Ventures" венчурлық капитал фирмасының Венчурлық жобаларды қаржыландыру департаментінде (АҚШ), Вашингтон қ. (АҚШ) "Small Enterprise Assistance Funds" халықаралық инвестициялық фирмасында тағылымдамадан өтті.
2008 жылдан 2010 жылға дейін "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ жобалық менеджері, Дүниежүзілік банкіндегі Орталық Азиядағы өкілдігінің консультанты, Қазақстан Республикасындағы Азия даму банкі өкілдігінің консультанты, "Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы" ЖМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы, сектор меңгерушісі, Астана қ.
2015-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімінің сектор меңгерушісі, Астана қ.
2021-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің өзекті қауіпсіздік мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Астана қ.
Соңғы жаңалықтар
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 15:46 586
Былтыр жүргізушілер айыппұл бойынша рекорд орнатты
Достарға айту
Былтыр еліміздегі жеке және заңды тұлғалар 304.3 млрд теңге айыппұл арқалады. Бас прокуратураның есебінше, шамамен 40 %-ы (139.46 млрд теңге) жол ережесін сақтамаған жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, деп хабарлайды kolesa.kz сайты.
Екінші орында салық саласындағы құқықбұзушылық, үшінші орында ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында ішімдік ішу, шулау және т.б. тұр.
Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы жол ережесін бұзғандарға 88.7 млрд теңге айыппұл салыныпты, яғни көрсеткіш 36 % өскен. Ал 2014 жылы айыппұл көлемі 21.672 млрд теңге болған, былтырмен салыстырғанда 6.4 есе аз.
Он жылда айыппұл мөлшері де өзгергенін ескерген жөн. Кейбір жағдайда сома бірнеше есе жоғары. Дегенмен прокуратура статистикасы көңіл көншітпейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.01.2025, 10:53 9501
Қазақстан Орталық Азия елдерімен келісімдер нәтижесінде көктемде 11 млрд текше метр су алады
Достарға айту
Қазақстан сәуір айына дейін 11 млрд текше метр су алады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Душанбе қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 88-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты.
Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды.
Айта кетейік, келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі.
Бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еліміздің оңтүстігіндегі жағдай батыс пен солтүстіктен өзгеше екенін атап өтемін. Мұнда үлкен көлемдегі су тасқыны болған жоқ. Ал жазда суармалы суға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да біз оңтүстікті сумен қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыс жүргізіп жатырмыз. Су дипломатиясы - біздің министрлік жұмысының маңызды бағыты. Осы келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы еліміздің оңтүстігін сумен тұрақты қамтамасыз еттік. Біз су бөлу және трансшекаралық су нысандарын қорғау жөніндегі барлық мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып шешеміз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:46 34341
Қазақстан Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар үшін жаңа қағидаларды енгізуде
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар үшін жаңа қағидаларды енгізуде, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпыелдік маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу қағидаларының жобасы әзірленді.
Үкімет Ұлттық банк және Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп жобаларды міндетті сараптау және талдау тетігін әзірледі. Бағалау процессі екі негізгі кезеңді қамтиды.
Стратегиялық бағалау - бірінші кезеңде Ұлттық экономика министрлігі жобаларды елдің стратегиялық құжаттары басымдықтарына сәйкестігіне, сондай-ақ олардың ЖІӨ-ге салым, бюджеттік түсімдердің ұлғаюы және инвестициялардың өсуі бойынша болжамдарды қоса алғанда, экономикаға әсерін бағалайтын болады.
Кешенді бағалау - сараптаманың екінші кезеңі тереңірек талдауды қамтиды. Ұлттық Банктің, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің мамандарын қамтитын сараптамалық топ жобалардың қаржылық-экономикалық және техникалық аспектілерін бағалайтын болады. Қажет болған жағдайда тәуелсіз сараптама үшін жоба бастамашысының қаражаты есебінен сырттан мамандар тартылатын болады.
Сонымен қатар, жобалардың сапасы мен тұрақтылығын арттыру үшін қаржыландыру шарттары өзгерді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың үлесі талап етілетін қаражаттың жалпы көлемінің 50 %-дан аспайтын болады. Қалған соманы жоба бастамашысының немесе жоба жоба акционерлерінің, Екінші деңгейдегі банктердің, халықаралық қаржы ұйымдарының өз қаражаты арқылы қоса қаржыландыру қажет болады.
Жоба сараптама жүргізу және қағидаларды бекіту шарттарын нақтылай отырып, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізеді.
Қағидалар жобасын қабылдау Ұлттық қордан қаражат бөлу шарттарын қатайтады және оның қаражатын жалпы қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру үшін жұмсауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:21 35046
Қазақстан мен Қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге келісті
Достарға айту
Қазақстан мен Қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге келісті, деп хабарлайды ҚР парламент мәжілісінің баспасөзө қызметінен.
Мәжіліс депутаттары 2024 жылы 14 ақпанда Доха қаласында қол қойылған Қатар мемлекетімен арадағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялады. Ол екі елдің құзырлы органдары арасындағы адамдарды қылмыстық қудалау үшін ұстап беру мәселелері бойынша құқықтық қатынастарды реттейді.
Құжат ұстап берудің және одан бас тартудың негіздерін анықтайды, сондай-ақ ұстап берудің шарттары мен тәртібі, оны кейінге қалдыру және уақытша беру туралы ережелерді қамтиды. Әр тарап өз азаматтарын ұстап беру мәселесін қарастырмайды.
Іздеудегі адамдарды алдын ала қамауға алу тәртібі, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде алынған немесе дәлел бола алатын заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелері реттеледі.
Келісімді ратификациялау тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығын нығайтып, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етудің тиімділігін арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:18 35341
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚСШ бойынша табысы бар қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады
Достарға айту
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап нысанасы жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі - АҚС) бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Аталған жеке тұлғалар әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.
Әлеуметтік аударымдар ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленген.
Осы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, АҚС шарты бойынша алынатын табыс сомасы болып табылады.
Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі 7 ең төменгі жалақыдан (бұдан әрі - ЕТЖ) аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ЕТЖ-дан негізге ала отырып есептеледі, төленеді.
Егер тұлға бір төлеушімен жасалған екі және одан да көп АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі және ең жоғары объектісі бір төлеушіден алынған жалпы табысқа қолданылады.
Төлеушілер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осылайша, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдерді ала алады:
- жұмысынан айырылу;
- еңбекке қабілеттілігінен айырылу;
- асыраушысынан айырылу;
- жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;
- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысының жоғалуы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:05 35511
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді
Достарға айту
Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі - АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі (бұдан әрі - тізілім) енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тізілім - бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.
Тізілім арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық мамандардың тізбесін тиімді қалыптастыруға, әлеуметтік қызметкерлер туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1023 объекті бөлімшелерін ескере отырып, барлығы 502 мемлекеттік ұйым және 122 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, уақытша болу орталықтары және дағдарыс орталықтары бар.
Әлеуметтік қызметкерлер бүгінде 8 қызмет түрін көрсетеді, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық қызмет.
АӘҚ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың алушыларының жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып тағайындалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.01.2025, 10:53Қазақстан Орталық Азия елдерімен келісімдер нәтижесінде көктемде 11 млрд текше метр су алады 30.01.2025, 10:56 1231"Keden" ақпараттық жүйесінде көлік құралына арналған кедендік декларацияны іске қосылады
24.01.2025, 16:38 131416Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 128706Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 128376Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 125686Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда24.01.2025, 15:14 117441Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді
31.12.2024, 18:33 149341Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 149026Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 148536Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 138431Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті24.01.2025, 16:38 131416Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда