18.10.2022, 14:52 13671

Ішкі істер министрлігі төбелескіштерді қоғамдық жұмыстармен жазалауды ұсынды

Қазіргі уақытта Әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтап жатыр.
Астана. 18 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысы барысында төбелескіштерді қоғамдық жұмыстармен жазалауды ұсынды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 

Конституцияның жаңа өзгерістеріне сәйкес қоғамдық жұмыстарды сот қаулысымен де тағайындауға рұқсат етілді. Осының аясында "ескерту" сияқты жазаны "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыру ұсынылды", - деді Марат Ахметжанов.

 
Министрдің айтуынша, бұл құқық бұзушы үшін заңды бұзбауға жеткілікті мотивация болады.
 

Сонымен қатар қазіргі уақытта Әділет министрлігі қоғамдық жұмыстарды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтап жатыр", - деп қосты ол.

 
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
 
ІІМ мәліметтері бойынша, биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түсті.
 

Олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған", - деді министр.

 
Алайда олардың 60%-ы бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан.
 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өтінішсіз полицейлер "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

 
Сондай-ақ, ол жыл басынан бері "дебоширлерге" қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.
 
Оның ішінде, сот шешімі бойынша, 10 мыңнан астам адам қамауға алынды, 8,5 мың адамға ескерту берілді, 675 адамға айыппұл салынды.
 
Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғау нұсқамасы шығарылды.
 
Сонымен қатар, полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 10 мың ерекше талап қойды.
 

Олардың барлығы профилактикалық есепке алынады. Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 7,5 мың "отбасылық езуші" тартылды", - деп толықтырды ІІМ басшысы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны