14.03.2025, 17:03 916

Ұландықтар буллингке ұшыраған кәмелетке толмаған баланы құтқарып қалды

Ұландықтар буллингке ұшыраған кәмелетке толмаған баланы құтқарып қалды
Орал қаласының көшелерін патрульдеу кезінде 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көмекке шақырған адам дауысын естіген. Дауыс шыққан жерге жеткен сарбаздар жасөспірімдердің физикалық қысымына тап болған қызды анықтады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен.

Ұландықтардың кәсібилігі мен батылдығының арқасында екі агрессивті жасөспірім сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылды

Біз қызды көріп, оған көмек қажет екенін бірден түсіндік. Балалар арасындағы дау төбелеске айналған. Біз дереу орталарына түсіп, жағдайды реттедік", - дейді қатардағы Галамат Нұрберген.


Буллингке ұшыраған қыздың анасы Татьяна Ефремова егер ұландықтар көмекке келмегенде баласының денсаулығына әлдеқайда ауыр зардаптар келуі мүмкін екенін атап өтті. Ол 5517 әскери бөлімінің құрамына алғыс білдірді.

Ұсталған жасөспірімдер құқық қорғау органдарына тапсырылды, ал қызға қажетті медициналық көмек пен қолдау көрсетілді.

Осылайша ұландықтар құқықтық тәртіп әскер әрқашан көмек қажет жерден табыла кететінін тағы да дәлелдеді.



 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны