14.03.2025, 10:13 5001
ҚР Президенті қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады
Достарға айту
ҚР Президенті қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы - Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келгенде амандық білісу - көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.
Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.
Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.
Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!" - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.03.2025, 21:38 2351
Үкіметте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы талқыланды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөніндегі жедел штаб отырысында егістіктерді әртараптандыру бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды күшейтуді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шараларын жеделдетуді, техника мен дизель отыны дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайтынын, бұл 2024 жылғы деңгейден 385 мың гектарға артық екенін айтты. Майлы дақылдар алқабы 363 мың гектарға, оның ішінде күнбағыс алқабы 120 мың гектарға, азықтық дақылдар алқабы 122 мың гектарға ұлғайтылады.
Жедел штабта Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының майлы дақылдардың егіс көлемі бойынша АШМ белгілеген көрсеткіштерден артта қалып отырғаны айтылды. Мал азықтық дақылдар бойынша Жамбыл және Түркістан облыстары мақсатты көрсеткіштерге жете алмай отыр.
Серік Жұманғарин әкімдіктерге майлы дақылдар бойынша Жол картасының индикаторларына сәйкес, егістіктерді әртараптандыруды және барлық шараны қабылдауды тапсырды.
Оңтүстік өңірлерде егіс науқаны басталды. Бүгінгі күні 15 мың гектар егін, оның ішінде дәнді дақылдар – 0,5 мың гектарға, көкөністер – 8,9 мың гектарға, 5,6 мың гектарға мал азықтық дақылдар егілді.
Минералды тыңайтқыштардың жеткізілуіне апта сайын қадағалау жүргізіледі. Жалпы, 1,9 млн тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы техникасы 85%-ға дайын, жаппай жұмыстың басталуына дайындық 100%-ға дейін жеткізіледі. сондай-ақ жеңілдікті лизингке 200 млрд теңге бағытталады, бұл ауыл шаруашылығы техникасының паркін айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік береді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ деректері бойынша, 3,7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасына 2,2 мыңнан аса өтінім түскен, 120 бірлік ауыл шаруашылығы техникасына 85 өтінім бойынша қаржылық лизинг шарттары мақұлданып, келісім жасалды.
Көктемгі егіс жұмыстарына биыл 401 мың тонна дизель отыны бөлінді, тиеу кесте бойынша жүргізіліп келеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін құны литріне 254 теңге, бұл нарықтық бағадан 14%-ға арзан.
Жалпы, көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 700 млрд теңгеге дейін артып, бұл кемінде 8 млн гектар егіс алқабын қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 213,4 млрд теңге сомасына 1,9 мыңнан астам АШТӨ қаржыландырылды.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі өндірістерін құру мәселелері қаралды.
2024 жылы тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция көлемі 15,2%-ға артып, 181 млрд теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы институттарымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жалпы құны 328,9 млрд теңге болатын 18 жобаны қаржыландыру жұмыстары жүргізуде. Атап айтқанда, оның 8-і – дәнді дақылдар, 4-еуі майлы дақылдар, 4-еуі етті қайта өңдеу және тағы 2 жоба – жемістерді қайта өңдеу және тауық жұмыртқасын терең өңдеу жобалары. СҚО тәжірибесін кеңейту аясында сүтті терең өңдеу бойынша 8 жобадан тұратын тізім жасалды.
Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру шараларын жеделдету, тыңайтқыштар сатып алу жұмыстарын жандандыру, техника мен дизель отынының дайындығын қамтамасыз ету, егістіктерді әртараптандыру бойынша тапсырмалардың орындалуына бақылауды күшейту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.03.2025, 18:35 2546
Үкіметте 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халық ең тығыз қоныстанған өңірлердің инвестициялық өсімі қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында ТКШ саласы мен халық ең тығыз қоныстанған Алматы және Түркістан облыстарының инвестициялық көрсеткіштері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биыл Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен өңірлердің алдында елімізде кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр. Штаб отырысында 2025 жылдың алғашқы екі айында Қазақстанда 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені айтылды. Бұл 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 6,8%-ға төмен. Оның ішінде 1,2 млн шаршы метрі - көппәтерлі тұрғын үйлер, ал 713 мың шаршы метрі - жеке үйлер. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаевтың айтуынша, құрылыс қарқынының төмендеуі маусымдық жағдайларға байланысты, дегенмен күн жылынысымен бұл көрсеткіштер қайта қалпына келеді.
Алматы облысында 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 980 млрд теңгені (80% жеке, 20% бюджеттік) құраса, 2025 жылға қойылған KPI - 1,35 трлн теңге. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі $541 млн-ға жетеді, 2025 жылы KPI - $532 млн. Биылғы екі айда 89 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Инвестициялардың негізгі үлесі - бюджеттен тыс қаражат. Өңірде ең тартымды инвестициялық салалар - өнеркәсіп (32%), жылжымайтын мүлік (22%), көлік және қоймалау (16%), білім беру (17%).
Қазіргі уақытта облыстың инвестициялық портфелі 57 мың жұмыс орнын ашатын 6,3 трлн теңге сомасындағы 200 жобаны құрайды. 2025 жылы осы жобалардың 35-і іске қосылып, 303 млрд теңгеге 4,8 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Штаб отырысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев инвестициялық жобалардың жүзеге асуын тежейтін бірқатар мәселелерді көтерді. Солардың бірі - Алатау қаласының бас жоспарын түзетуге байланысты. Бес жоба іске асырудың белсенді кезеңіне өтсе де, 11 жоба жобалау және құрылыс жүргізуге қажетті рұқсат құжаттарын ала алмай отыр. Вице-премьер ӨҚМ-ге бұл мәселені жақын арада шешуді тапсырды.
Тағы бір жоба - балық шаруашылығы кешенінің құрылысы - инвестициялық субсидиялар бойынша лимиттердің қысқаруына байланысты өндірістік қуаттарды кеңейтудің одан әрі кезеңдерін тежеді. Қуаттылығы 1 мың тонна, ал құны 9,5 млрд теңгені құрайтын 1-кезең іске қосылғаннан кейін, қалған 70 млрд теңгені құрайтын 9 кезең инвестицияларды мемлекет тарапынан әрі қарай өтеуге қатысты белгісіздікке байланысты тоқтатылды. Премьер-министрдің орынбасары АШМ-ге инвестор кешеннің құрылысын жалғастыра алуы үшін балық өнімдері жобасындағы лимиттерді қайта қарауды тапсырды.
Сондай-ақ отырыста жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылымды жүргізу, Алматы облысының бірқатар туристік нысандарына жол салу мәселелері қаралды.
Түркістан облысы кластерлік үлгіде дамып келеді. Қазіргі уақытта өңірде үш ірі кластер құрылған: мақта-мата (5 жоба, 197 млрд теңге), жүгері (2030 жылға дейін жүгері өсіру көлемін 30%-ға арттыру және крахмал-потокасы зауытын іске қосу) және ет өндірісі (5 жоба, 43 млрд теңге). Жалпы, 2024-2027 жылдарға арналған инвестициялық жобалар портфелінің құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 145 жобаны қамтиды. Бұл жобалар аясында 20,3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке 100 млрд теңге қосымша салық түсімі күтілуде. 2024 жылы 137 млрд теңгеге 57 жоба іске асырылып, 2,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2025 жылы тағы 57 жоба 322 млрд теңгеге іске қосылып, 6,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Тек ауыл шаруашылығы саласында 68 жоба жүзеге асырылып, 423,7 млрд теңге инвестиция тартылады, нәтижесінде 9,2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Штаб отырысының қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин барлық өңірлерге жергілікті бюджеттен инвестициялық жобаларға қаржы бөлуді уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. Ал республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттер белгіленген мерзімде бөлінетін болады.
Биыл Үкімет әлеуметтік-экономикалық өсу болжамдарымен салыстырғанда экономикалық өсу индикаторларын ұлғайту міндетін қойып отыр. Бұл үшін біз "Бәйтерек" холдингі арқылы ірі бизнес пен ШОБ-ты 8 трлн теңгеге несиелендіруге 1 трлн теңге бағыттаймыз. Ең басты назар - ЖҚҚ беретін қайта өңдеу жобаларына аударылады. Ұлттық экономика министрлігі әрбір өңір үшін экономикалық өсім индексінің салалық декомпозициясын жасады, ал ӨҚМ жақын арада тұрғын үй құрылысының 19 млн шаршы метр көлеміне қол жеткізу бойынша ұқсас схеманы ұсынады. Барлық қойылған индикаторлар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.03.2025, 18:07 3766
Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Алаяқтар азаматтардың жұмыс орындарында белгілі бір адамдарға қатысты тексеру жүргізілетіні туралы хабарламалар таратып, ынтымақтастық орнатуға және құжаттарды ұсынуға шақырады.
Сенімге кіру үшін бұл хабарламалар Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі бар қолдан жасалған бланкіде дайындалып, жалған ҰҚК мөрімен бекітілген.
Одан кейін алаяқтар агент ретінде хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысқан.
Ескертеміз, Агенттік мұндай тексерулер жүргізбейді, сұраныстар жібермейді және жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.03.2025, 17:27 2751
Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді
, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Достарға айту
Тоқаев Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Адамзаттың бүлдіргі іс-әрекетінің кесірінен Каспий итбалығы, қызғылт қоқиқаз және басқа да ерекше жан-жануарларға қатер төніп тұр. Біз табиғаттың осы бір сыйына барынша назар аударып, оны сақтай білуіміз қажет. Сондықтан Биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру керек деп санаймын. Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл ауқымды жұмыстың маңызы орасан зор екенін көрсету үшін осы қоғамдық ұйымға өзім жетекшілік етуге дайынмын", - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.03.2025, 16:16 3336
Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер күшіне енді
Достарға айту
ІІМ-де Әкімшілік кодекстегі жаңа түзетулер туралы айтылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын сақтау мақсатында Ішкі істер министрі биылғы жылды "профилактика жылы" деп жариялады.
2025 жылдың 13 наурызында Әкімшілік кодекске енгізілген қоғамдық және жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған өзгерістер күшіне енді.
Біріншіден. Енді көлік жүріп бара жатқанда оның кабинасынан шығып немесе есігін ашқан жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Оның үстіне жауапкершілік жолаушыға да, жүргізушіге де бірдей әсер етеді.
Екіншіден. Көліктің жолдың қарсы жолағына шығып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққаны үшін жауапкершілік енгізілді. Енді жүргізуші тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Үшіншіден. Теміржол өткелдерін кесіп өту ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік 10-нан 20 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Төртіншіден. Жалған қоңырау шалғаны үшін айыппұл 30-дан 60 АЕК-ке дейін өсті. Ал кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда "ескерту" алынып тасталып, заңды өкілдерге салынатын айыппұл 30 АЕК-ке дейін көтерілді.
Бесіншіден. Жедел және арнайы қызметтер көлігінің қозғалысына басымдық бермегені үшін айыппұл 7-ден 20 АЕК-ке дейін өсті.
Сонымен қатар кейбір құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жеңілдетілді.
Осылайша ақылы автотұрақтарды пайдаланып, төлемді уақтылы төлемегені үшін айыппұл үш есеге төмендеді.
Ал жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамай, салдарынан материалдық залал келтірген жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізуші куәлігінен айыру алынып тасталады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Жамалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.03.2025, 15:56 5581
Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде елдің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі туралы мәселеге тоқталды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ.
Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ"
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.03.2025, 15:23 3071
Қазақстанда президенттің қатысуымен ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиынға Құрылтай мүшелері мен басқа да делегаттар қатысып отыр. Қазіргі уақытта спикерлер сөз алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 17:41 32941
Астанада ауыр салмақтағы жүк көліктердің қозғалысына бақылау күшейді
Достарға айту
Астанада жол қауіпсіздігін арттыру және жолдың зақымдануын болдырмау үшін ауыр жүк көліктерінің қозғалысына күшейтілген бақылау енгізілуде. Бұл шараларды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті қала әкімдігімен және полиция органдарымен бірлесіп орындап жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бақылау жылжымалы көліктік бақылау бекеттері арқылы, сондай-ақ автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларының көмегімен қаланың негізгі кіреберістері мен шығыстарында жүргізілетін болады. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады, оның мөлшері заң бұзудың ауырлығына байланысты болады.
2025 жылдың 23 наурызы мен 1 мамыры аралығында республикалық маңызы бар жолдармен жүретін көліктерге де осьтік жүктемелерге қатысты қосымша шектеулер енгізіледі.
Наурыздың 6-сы күні қала әкімдігінде жиын өтіп, жергілікті полиция қызметі мен көліктік бақылау инспекцияларын тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды. 7 наурыздан бастап елордада алты жылжымалы пост, сондай-ақ көлік инспекторларының күшейтілген тобы жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 94 көлік тексеріліп, жалпы сомасы 11 миллион теңгеден астам сомаға 54 әкімшілік хаттама толтырылған.
Заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында салмағы рұқсат етілген нормалардан асатын жүктерді самосвалдармен тасымалдауға тыйым салынады.
Елорда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыр салмақты көліктерді бақылау жалғасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.03.2025, 15:56Талқылауды аяқтау керек - Тоқаев Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы ойын айтты 14.03.2025, 10:13 4676ҚР Президенті қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады14.03.2025, 18:07 3441Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді14.03.2025, 16:16 3011Қазақстанда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер күшіне енді14.03.2025, 15:23 2746Қазақстанда президенттің қатысуымен ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды
07.03.2025, 16:20 135126Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда07.03.2025, 16:15 118636Жалпы құны 918,3 млрд теңгені құрайтын 392 мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысаны бәсекелестік ортаға берілді07.03.2025, 09:29 108476Әйелдер Skills Enbek платформасында кәсіби онлайн-оқытудан белсенді өтуде - Еңбек министрлігі07.03.2025, 16:10 107221"Инвестициялық керуен" акциясы бастау алды07.03.2025, 16:12 107216Бас Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша Жоғарғы Сот ақтау үкімнің күшін жойды
13.02.2025, 08:03 270376ШҚО бойынша "Қазсушар" филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті13.02.2025, 07:57 261496Полиция алаяқтық қоңыраулардың алдын алды: 24 мыңнан астам sim-карта тәркіленді12.02.2025, 14:56 208081Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді17.02.2025, 14:04 169591Су ресурстары және ирригация министрлігі қоршаған ортаны қорғауға 2,5 млрд текше метр су жібереді17.02.2025, 15:01 168091Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады