09.09.2024, 16:19 28926

Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады

Ұлттық музейде Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған "Дүние дидарындағы Димаш" атты көрменің ашылу рәсімі өтеді.

Көрме халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсететін бірегей мәдени кеңістік құруға бағытталған.

Дүние дидарындағы Димаш" көрмесіне қазақ жанының болмысын бейнелейтін, оның қайталанбас үнін қалыптастырған, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар беретін құндылықтар, танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлықтары ұсынылады.


Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерден құралған:

Шабыт көздері" - әртістің өмірбаяны, өскен ортасы, балалық шағы мен шығармашылық жолын көрсететін заттар (фотосуреттер, жекелеген заттар);


Даңққа апарар жол" - кәсіби білім жолында алған дипломдары, республикалық, халықаралық байқауларда иеленген марапаттары және т.б.;


Жанкүйерлер махаббаты" - әртістің жанкүйерлері тарту еткен сыйлықтар;


Ұлт мәдениетінің жаршысы" - әлемдік аренада ұлттық мәдениет пен брендтің танылуына ықпал ететін Димаштың заттары (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдері, баспа материалдары және т.б.).


Көрме 6 қазанға дейін жалғасады.

БАҚ өкілдерінің назарына! Аккредитацияны [email protected] поштасына 11 қыркүйек күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны