16.05.2023, 14:08 17186
Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін қаражат азаматтарға қайтарылмайды
Сурет: Фонд социального медстрахования
Достарға айту
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният депутаттардың Міндетті медициналық сақтандыру қорына төленетін төлемдердің жалпы сомасының 50 пайызын қазақстандықтарға қайтару туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заңда бұл жүйе (МӘМС) әлеуметтік және ынтымақтастық арқылы жасалғаны көрсетілген. Сондықтан ол жердегі қаражат қайтарылмайды. Орташа жалақыдан 100 мың теңге жиналған жағдайда биыл адам ауырмай, оған 50 мың теңге қайтарылса ,келесі жылы оған млн аса теңге көлемінде медициналық көмек керек болуы мүмкін. Сондықтан бұл көмекті барлығына көрсету үшін қаржы қайтарылмайды. Заң бойынша қаржыны қайтарып беру мүмкін емес", - деді Ажар Ғиният.
Министрдің айтуынша, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу елімізде медицинаны дамытуға мүмкіндік берген шара болған.
Жылдар бойына қосымша қаражат түсті, денсаулық сақтау саласына инвестиция құйылды. Жаңа технологиялар пайда болды. Медициналық көмек бүгінде барлық азаматқа қолжетімді. Екі миллионға жуық адам тегін дәрі-дәрмек алды, қазір төрт миллион болды. Сондықтан міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында біз халықтың денсаулығын жақсарттық", - деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
26.11.2024, 18:30 341
Қазақстанда квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілген шетелдіктердің санаттары өзгереді
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесіне" өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Құжат 2024 жылғы 10 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Осы түзетулер шетелдік қатысудың үлесі жүз пайыз болатын заңды тұлғаларды құрушы шетелдік инвесторларды қоса алғандағы тұлғалар санатын нақтылауға бағытталған. Өзгерістерге сәйкес, мұндай заңды тұлғалардың бірінші басшысы мен оның орынбасары еңбек қызметін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмай жүзеге асыра алады.
Жоба мәтінімен және ұсынылған өзгерістермен "Ашық НҚА" порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15310429 сілтемесі бойынша танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.11.2024, 09:10 641
Қазақстанда жұма күні теледидар мен радио жұмыс істемейді
Достарға айту
Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
2024 жылдың 29 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", деп көрсетілген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 13:16 16766
Алматыда 2000-нан астам жеке тұрғын үйдің өртке қарсы қауіпсіздігі тексерілді
Достарға айту
23 қарашадан бастап, сенбі-жексенбі күні Алматы қаласының Алатау ауданында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша "Өртсіз өмір - қауіпсіз болашақ" ауқымды профилактикалық акциясы өтті. Іс-шара Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен және Өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп өткізілді. Акцияға БАҚ өкілдері, еріктілер және газ қызметінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында ТЖД мамандары 2297 үйдің тұрғындарын хабардар етті. Көмір және отынмен жылытылатын 16 мұқтаж отбасылар үйінде газ иісін анықтау датчиктері орнатылды.
Алматы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жеке тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады. Көп балалы отбасыларды, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады.
2018 жылдан бастап Алматыда аз қамтылған отбасылар үшін өтеусіз негізде 1500-ге жуық газ иісін анықтайтын датчигі орнатылды. Алайда, кейбір тұрғындар оларды өшіріп тастайды, бұл үлкен қауіп төндіреді. Біз түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, барлығын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз", - деп атап өтті Н. Атығаев.
Аудан әкімдіктері атаулы көмек үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 901 отбасын анықтады. Осы отбасылардың барлық 100% - ы профилактикамен қамтылған, оның ішінде 102 отбасы үйлерін қатты отынмен жылытады.
Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, демеушілер ХӘОТ үшін 200 датчик сатып алған. Датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда.
Қауіпсіздік үшін - Бірге", "Қөмек қолы" және "Таза түтін мұржасы" акциялары аясында 36 үйде атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетілді. Үйлерде түтін мұржаларын тазалау, жарықшақтарды бітеу, түтін арналары өтетін жерлерде қабырғаларды әктеу және іргелес аумақтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 41 үйде газ иісін анықтайтын датчиктер орнатылған.
Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға жылыту үшін отын беру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Көпшілікті қамту үшін жұмысқа еріктілер, газ қызметі, аудан әкімдігінің қызметкерлері мен қоғам белсенділері жұмылдырылды. Тұрғындарға ТЖД-ның 8 арнайы машинасының көмегімен қосымша ақпарат берілді, олар тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, мегаполистің ірі сауда орталықтарының бірінде ТЖД қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді, онда барлық ниет білдірушілер өрт қауіпсіздігі саласында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.11.2024, 12:43 17151
Жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Достарға айту
2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9%-ы Қытайдан, 39,2% - Өзбекстаннан, 5,8% - Моңғолиядан, 5,2% - Түрікменстаннан, 2,8% - Ресейден және 1,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 2 390 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 763 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 21 166 өтініш қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.11.2024, 17:28 39826
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Достарға айту
23-24 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы облысы фермерлері мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 250 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі - 50 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі - 100 тонна;
* Сүт өнімі - 45 тонна;
* Балық өнімдері - 5 тонна;
* Өзге өнімдер - 50 тонна.
Жәрмеңке өтетін орын - Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.
Құрметті көлік иелері!
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 22 қарашада сағат 20:00-ден 24 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.
Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.11.2024, 16:29 43501
Қазақстандықтар жаңа жылда 1-4 қаңтар аралығында демалады
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар - 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.11.2024, 14:37 56346
2024 жылғы 1 қарашада 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 қарашаға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 126 мың балаға 4,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.11.2024, 14:52 69486
Алматыда "CareerTime" кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті
Достарға айту
Алматы қаласының Нархоз университетінде "CareerTime" кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен "Almaty student’s week" апталығының аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
CareerTime" - бұл мектеп түлектері мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде олар еңбек нарығының жаңа талаптарымен танысып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуіне және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз", - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
Фестиваль барысында қатысушылар үшін әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, IT және цифрлық дағдыларға арналған шеберлік сыныптар мен презентациялар, фитнес пен салауатты өмір салты бойынша шеберлік сыныптары және көркем сурет бойынша шығармашылық аймақтар да болды.
Бұл фестиваль маған болашағымды айқындауға көмектесті. Мен өзіме сәйкес келетін университетті тауып, оқу бағдарламасымен жақынырақ таныстым. Осылайша, мен бүгін өзім үшін нақты шешім қабылдадым", - деді фестивальге қатысқан 11 сынып оқушысы Айжан.
CareerTime" фестивалі білім беру, еңбек нарығы және шығармашылық бағыттардың тоғысуының тамаша үлгісі болды. Іс-шара жастардың кәсіби және жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, келешекке сенімді қадам жасауға жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара келесі жылы да жалғасын таппақ.
Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.11.2024, 09:06Еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолы кесілді 26.11.2024, 18:02 1441Қазақстан президенті Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады26.11.2024, 18:05 1236Биыл Қазақстанда 2 млн гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылды26.11.2024, 18:14 9462025 жылдың сәуіріне дейін Арал теңізіне тағы 1,6 млрд текше метр су жіберіледі26.11.2024, 18:18 726Әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құру жүктелді
22.11.2024, 14:04 131321Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 131121Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 106031Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 97291Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 97226Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 131321Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 131121Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 115321Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 113566Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 107736Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды