11.10.2024, 18:06 68341

Қостанай облысында жол ережесін бұзған 11 жүргізуші дрон арқылы анықталды

Қостанай облысында жол ережесін бұзған 11 жүргізуші дрон арқылы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш апта ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 11 жүргізуші дрон арқылы анықталып, тіркелді. Олардың алтауы қарсы жолаққа шыққаны үшін алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Сотта қаралған материалдар заңды әрі дәлелді деп танылды.

Еске сала кетейік, қауіпті учаскелерде полиция қызметкерлері прокуратура және ТЖД қызметкерлерімен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау үшін дронды пайдаланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны