22.12.2021, 16:35 30631

ҚР 22 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 416 жаңа жағдайы

ҚР 22 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: коронавирустық инфекцияның 416 жаңа жағдайы
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 22 ЖЕЛТОҚСАН - 2021 жылғы 21 желтоқсан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 984 079 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 416 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 65, 
 
Алматы қаласында - 35, 
 
Шымкент қаласында - 8, 
 
Ақмола облысында - 42, 
 
Ақтөбе облысында - 4, 
 
Алматы облысында - 13, 
 
Атырау облысында - 7, 
 
ШҚО-да - 22, 
 
Жамбыл облысында - 1, 
 
БҚО-да - 10, 
 
Қарағанды облысында - 49, 
 
Қостанай облысында - 36, 
 
Қызылорда облысында - 6, 
 
Маңғыстау облысында - 1, 
 
Павлодар облысында - 47, 
 
СҚО-да - 69, 
 
Түркістан облысында - 1.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 801 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 954 772 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
22 желтоқсанға КВИ-ден 18 852 адам (16 365 КВИ+ және 2 487 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 3 207 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 15 645 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 273 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 72 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 61 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 21 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 942 өлім тіркелді. 20 желтоқсанда КВИ-ден 6 адам қайтыс болды. 
 
2021 жылдың 20 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 86 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 143 адам сауығып кетті. 
 
2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 83 732, өлім – 5 203, сауыққандар – 76 042. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 21 желтоқсанда I компонентпен 8 915 421 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 400 554 адам вакцинацияланды. 
 
Pfizer вакцинасының I дозамен егілді: жасөспірімдер - 187 315, жүкті әйелдер - 13 760, бала емізетін әйелдер - 34 026. II дозамен: жасөспірімдер - 52 566, жүкті әйелдер - 3 802, бала емізетін әйелдер - 9 646. 
 
"Сары" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны