24.01.2022, 15:59 7811

ҚР 24 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 11 мыңнан астам COVID-19 жағдайы анықталды

ҚР 24 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 11 мыңнан астам COVID-19 жағдайы анықталды
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 23 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 157 681 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 11 340 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 2 512, 
 
Алматыда - 1 953, 
 
Шымкентте - 180, 
 
Ақмола облысында - 1 015, 
 
Ақтөбе облысында - 317, 
 
Алматы облысында - 354, 
 
Атырау облысында - 486, 
 
ШҚО-да - 290, 
 
Жамбыл облысында - 202, 
 
БҚО-да - 372, 
 
Қарағанды облысында - 1 866, 
 
Қостанай облысында - 265, 
 
Қызылорда облысында - 124, 
 
Маңғыстау облысында - 134, 
 
Павлодар облысында - 980, 
 
СҚО-да - 178, 
 
Түркістан облысында - 112.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 532 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 993 940 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
24 қаңтарға КВИ-ден 152 058 адам (150 559 КВИ+ және 1 459 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 107 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 141 951 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 386 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 124 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 71 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 23 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 142 өлім жағдайы тіркелген. 22 қаңтарда КВИ-ден 8 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 22 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 24 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 38 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 85 539, өлім - 5 249, сауыққандар - 78 831. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 23 қаңтарда I компонентпен 9 126 541 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 690 027 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны