18.05.2021, 20:22 19377

ҚР Премьер-Министрі Денсаулық сақтау министрлігіне вакциналау арасындағы аралықты нақты анықтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрлігіне вакциналау арасындағы аралықты нақты анықтап, халықтың сұраулары мен қалауына назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгінде Қазақстанда вакцинаның бірінші компоненті 1,9 млн жуық адамға, екінші компоненті шамамен 800 мың адамға егілді. Қоймалар мен медициналық мекемелерде вакциналардың жеткілікті көлемі бар. Вакциналау кесте бойынша жүргізілуде. 
 

Өңірлерде вакциналауды арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Әкімдер мәселені ерекше бақылауда ұстасын. Адамдарға вакцинаны таңдау құқығы және тиісті ақпарат берілуі тиіс", — деді А. Мамин.

 
Премьер-Министр шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын жалғастыру қажеттігін атап өтті. 
 

"Ashyq" қосымшасын пайдалану оң нәтижесін беріп отыр. Соның арқасында қызметтер көрсету саласындағы бизнестің жұмыс істеу мүмкіндігі жақсарды, оларға келуші адамдардың қауіпсіздігі артты. Қосымшаны пайдалану салаларын одан әрі де кеңейту қажет", — деді А. Мамин.

 
Қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 ауруы бойынша ахуалдың жақсару серпіні байқалады. Вирустың репродуктивті индексі 0,98 құрайды. Аурухана төсектері 36%, реанимациялық төсек орындар 28% толы. 6 өңір — Нұр-Сұлтан, және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары "қызыл аймақта" тұр.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны