23.01.2024, 16:28 29421

Сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді

Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет
Сарапшылар жер сілкінісі кезінде жанармай құю станциясына бармаған жөн дейді, деп мәлім етті Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар - жарылыстар, өрттер болуы мүмкін. Қандай да бір себептермен біздің азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға - ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз-журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет", деп атап өтті ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны