08.02.2023, 08:16 20651

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қазақстандық жоғалып кетті

Жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қазақстандық жоғалып кетті
Сурет: Instagram/madiyev
Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті.
 
Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.
 
Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізілуде.
 

Достар, біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады", - деп жазылған әлеуметтік желіде.

 
Естеріңізге сала кетейік, 7,7 баллдық жер сілкінісі Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда таңертең болған. Дүйсенбі күні түстен кейін тағы 7,6 баллдық жер сілкінісі болды.
 
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жер сілкінісі 1939 жылдан бері ең күшті болды. Ол Түркияда апат құрбандарына жеті күндік ұлттық аза тұту туралы жариялады, ал апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай жарияланды.
 
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 5,4 мыңнан асады, жараланғандар саны 31 мыңнан асады.
 
Сондай-ақ, жер сілкінісі Сирияның Алеппо, Латакия, Хама және Тартус провинцияларына әсер етті. Сирияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1250-ге дейін өсті, екі мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
 
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады.
 
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, жер сілкінісінің салдарын еңсеруге көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлеріне 7 ақпан күні таңертең қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер жолданды.
 
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары кеше Ибрахимили ауданында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.
 
ТЖМ мәліметтері бойынша, құтқару жасағы екі топқа бөлінді, олардың әрқайсысы қиын учаскелер - қираған тұрғын объектілерді тексеруде. Кинологиялық есептер іздеу жұмыстарына кірісті. Егер адам табылса, иттер тиісті белгі беріп, оларды үйінді арасынан шығарып алу жұмыстары басталады.
 

Жедел ақпарат бойынша, құтқарушылар үйінді астынан қайтыс болған адамның денесін шығарды. Мұнда құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, іздеу жұмыстарын одан әрі жүргізу үшін үйінді астына түседі", - деп атап өтті ведомствода.

 
ҚР СІМ жедел желінің телефон нөмірін, сондай-ақ Түркиядағы ҚР консулдық мекемелерінің шұғыл байланыстарын жариялады.

ҚР СІМ
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны