16.01.2025, 11:53 4011

2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды

"Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60,3 мың адам қамтылды
2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды
2024 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 683,7 мың қазақстандық қатысты. 546,9 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 358,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 188,2 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 33,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 110 мың адам, "Алғашқы жұмыс орны" жобасы аясында 9,6 мың адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы аясында 420 адам, "Күміс жас" жобасы аясында 19,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 57,7 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 52,4 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 60,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 37,8 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 214,9 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны