14.01.2025, 16:08 15396

Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады

Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады
Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейді "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шалхар Байжомартов "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы марқұмның әкесіне ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Алматы облысы полиция департаментіне жұмыс сапары барысында табыстады. Ол отбасына көңіл айтып, аға лейтенант Байжомартовтың ерлігі мен қызметіне адалдығын атап өтті.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде әрдайым алдыңғы қатарда. Шалхар Байжомартов өз өмірін құрбан ете отырып, Отанына адал қызмет еткенін дәлелдеді", - деді Айдар Сайтбеков.


Қайғылы оқиға өткен жылдың 20 желтоқсанында орын алды. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полицейді қызметтік көлікке қысып, оның өліміне себеп болды.

Полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов мәңгілікке өз қызметіне адал, ерлікке толы офицер ретінде есте қалады. Оның ерлігі - азаматтардың қауіпсіздігі үшін күнделікті тәуекелге бел буатын полиция қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын еске салатын үлгі", - деп түйіндеді А. Сайтбеков.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны