10.02.2020, 18:37 30206

Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өз мәресіне жетті

Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат аяқталды.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өз мәресіне жетті.

Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат аяқталды.

Аталмыш турнир ҚР ҚК XVII спартакиадасы аясында өтті. Турнирге 14 командадан 109 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады.

Шараның ашылу салтанатына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты.

"Заманауи қоян-қолтық ұрыс- бұл жекпе-жек түрі ғана емес, сонымен

қатар әлемдік жекпе-жек түрлері арасында функционалдық элементтерді біріктіретін қорғаныс және шабуыл тәсілдерін оқытудың әмбебап жүйесі. Қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс әлемде жауынгерлік жекпе-жектің қарқынды және жылдам дамып келе жатқан түрі болып саналады. Қоян-қолтық ұрыс күресушілерінің жан-жақты дайындығы, жекпе-жек көріністері, сондай-ақ сенімді қорғанысы менжабдықталымы жаңа спорт түрін әлемге танымал етті", - деді генерал-майор М.Бектанов.

Аталмыш турнирде жалпыкомандалық есепте 9 салмақ дәрежесі бойынша 14776 әскери бөлімінің командасыжеңіске жетсе, екінші орынға "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының командасы жайғасып, Десанттық-шабуылдаушы әскерлері командасы жүлделі үшінші орынды иемденді.

Әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша 55 келіге дейін Аман Шақитов (14776 ә/б), 60 келіден бастап 65 келіге дейін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері Архат Баяхметов пен Думан Қабылқаев, 70 келіге дейін Десанттық-шабуылдаушы әскерлері командасынан Олжас Ержан, 75 келіге дейін Құрлық әскерлері әскери институтынан келген Әлібек Қадыр, 80 келіге дейін Бахтияр Қожахметов (14776 ә/б), 85 келіге дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығынан Болатхан Маханбетхан, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Арман Ерменбет (14776 ә/б), 90 келіден жоғары дәрежеде "Батыс" өңірлік қолбасшылығынан Жасұлан Мүсіркенов жеңіс тұғырынан көрінді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны