14.05.2023, 19:39 15401

Ел қоржынына бокстан екінші алтын түсті

Қазақстандық спортшы финалда Өзбекстандық қарсыласы Ойбек Юраевты жеңді.
Махмуд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта бокстан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Хабар 24". Қазақстандық спортшы Махмуд Сабырхан финалда Өзбекстандық қарсыласы Ойбек Юраевты жеңді. Осылайша, ел қоржынында әлем чемпионатынан 2 алтын бар. 21 жастағы Махмуд Сабырхан үшін бұл - ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы екінші медаль. Бұрын күміс жүлдегер болған. Биыл сондай-ақ Азия жастар чемпионатының жеңімпазы да атанды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны