16.05.2023, 10:58 21811

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы бір сатыға көтерілді

Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы бір сатыға көтерілді
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Inform.kz.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Мәскеу жарысында кездесіп, онда чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткенімен, чехиялық спортшы қайыра брейк жасады. Дегенмен Елена матчты тағы бір брейкпен бітірді - 6:3.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, М.Вондроушовадан есе қайтарған Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Римде әлемнің төртінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина Рим мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті.

Сондай-ақ Анна Данилина жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны