12.11.2019, 16:03 74142

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиада өтуде

Спартакиада үстел теннисі, оқ ату, шахмат, жүзу, футбол сияқты спорт түрлерінен жалғасады.

Нұр-Сұлтан. 12 қараша. Kazakhstan Today - Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы Х облыстық "Отан" спартакиадасы өтуде. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаеваның қатысуымен өтті. Өзінің құттықтау сөзінде Райхан Братаева қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Департамент спортпен шұғылдануды белсенді көтермелейді, себебі тәжірибеге сүйенетін болсақ, салауатты өмір салтын ұстанған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы әлдеқайда жоғары.

"Спорт адам өмірінде маңызды рөлге ие. Ол оң эмоцияларды қалыптастырып, мінез шыңдап, ерік күшін нығайтып, тәртіпке үйретеді. Спортпен айналысу ақыл-ой жұмысына оң әсер етеді, денсаулықты жақсартуға және өмірді ұзартуға ғана емес, сонымен қатар жұмыста өз көрсеткіштерін арттыруға да мүмкіндік береді. Осындай жарыстар жеңіске деген ерік, өз мақсатына жетуге ұмтылыс сияқты қасиеттерді шыңдауға, ұжымдағы ұйымшылдықты қалыптастыруға мүмкіндік береді" - дейді Райхан Братаева.

Қазіргі уақытта облыстық басқармалар мен департаменттердің құрама командалары арасында волейбол ойындары аяқталды. Осы спорт түріндегі бірінші орын керемет спорттық дайындығымен және командалық рухымен көзге түскен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасына берілді. Екінші орынды Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің командасы иеленді. Үшінші орынды Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің командасы иеленді.

Спартакиада үстел теннисі, оқ ату, шахмат, жүзу, футбол сияқты спорт түрлерінен жалғасады. Қатардағы қызметкерлермен қатар, ойындарға салауатты өмір салтын ұстануды өз мысалында қолдайтын басшылар да белсенді қатысады.

Ақмола облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында осындай іс-шаралар ұжымдарды біріктірудің және салауатты өмір салтын қалыптастырудың бір ерекше дәстүріне айналды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны