09.10.2024, 16:57 1621

Астанада Ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері Федерациясының ұйымдастыруымен Республика күні мен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай Ұлттық ат спорты түрлерінен фестивалі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстар 11-12 қазан күндері Астана маңындағы "Қазанат" атшабарында өтеді. Бәйге сайысы 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры - 20 млн теңге.

Сондай-ақ, фестиваль аясында Көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир өтеді. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады.

Ойындардың жалпы жүлде қоры - 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендердің арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны