21.07.2022, 15:05 50826
Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды
Сурет: Sports.kz
Достарға айту
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Нора Джеруто АҚШ-та өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол кедергілері бар 3000 метр қашықтықта үздік атанды. Финалда Нора Джеруто 8:53.02-та жүгіріп өтіп, чемпионаттың жаңа рекордын орнатты.
Бұл "алтын" әлем чемпионаты аясында қазақстандық жеңіл атлетика тарихында алғашқы жеңіс болып тіркеліп отыр.
Эфиопиялық спортшылар Веркуха Гетачев пен Мекидес Абебе сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.
Ақпарат көзі: olympic.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.02.2025, 19:49 7016
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады
Достарға айту
Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Аруларымыз топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Келесі ойын ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді.
Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 09:23 13641
Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды
Достарға айту
Астанада World Athletics Indoor Tour Gold сериясының кезеңі аяқталды. Жеңіл атлетикадан әлемдік турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
Бұл жетістіктің авторлары - Елизавета Матвеева мен Игорь Косолапов. Екі спортшы да биіктікке секіруде үшінші нәтиже көрсетті.
Ал Давид Ефремов (60 метрге кедергілермен жүгіру), Дэйзи Джепкемей (3000 метр) және Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Өз елімізде өнер көрсетуді өте жақсы көремін, себебі бізде жанкүйерлердің ерекше ықыласы бар. Мұндай жарыстарда бұл қатты сезіледі. Әрине, адамдарға әлем жұлдыздарын көру қызық. Бірақ сонымен бірге біздің спортшыларымызға жанкүйер болып жатқанын сезесің. Бұл өте жағымды. Барлық жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Алаңда болғандарға, теледидар алдында отырғандарға да рақмет айтамын.
Жүлдегерлер қатарына енбегеніме қарамастан, нәтижеме ризамын. Себебі бұл - маусымдағы алғашқы жарыс, дайындық қиын болды. Бірақ жақсы өнер көрсеттім деп айта аламын. Әрине, бұл менің ең жақсы нәтижем емес, бірақ жарақаттан кейін жүктелген міндеттерге дайындалуға мүмкіндігім болмады. Дегенмен, 184 сантиметрге секірдім. Өзімді мақтан тұтамын (күледі).
Осылайша, қысқы турнирлерде өнер көрсетуімді аяқтаймын. Дәрігерлермен, бапкерлермен кеңесе отырып, толық емделіп, жазғы маусымға дейін денсаулығымды жақсартуға және дайындалуға шешім қабылдадық. Жүктемелерді ағзам көтере алатындай етіп қабылдауға тырысамыз, әрі бұрынғыдай жарыстарды өткізіп алмауға жұмыс жасаймыз", - деді жабық алаңдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Надежда Дубовицкая.
Айта кетсек, Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes жарысында барлық фавориттер жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Мысалы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Андре Де Грасс (Канада) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Ниа Али (АҚШ) жүлдесіз қалды. Танымал кедергімен жүгіруші Али жарақатына байланысты іріктеу кезеңін сәтті аяқтай алмады.
Өзімді керемет сезінемін. Қысқа қашықтықтағы спринт менің бағытым емес. Алайда нәтижеме ризамын. Өткен жылы да алтыншы орын алған едім (күледі). Мұнда болғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлер өте керемет, көптеген адамдар суретке түсуімді сұрады… Азияда қаншалықты көп жанкүйер бар екенін білдім. Фантастикалық атмосфера. Ал өнер көрсетуге келсек, бәрі тамаша. Бұл тек бастамасы. Алда көптеген жарыс бар. Соның ішінде Токиода өтетін әлем чемпионаты. 100 және 200 метрге жүгіру жоспарымда бар. Барлығы енді басталды (күледі)", - деді Андре Де Грасс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:57 28201
Әлібек Хасенов "Қазспортинвест" АҚ президенті болып тағайындалды
Достарға айту
Әлібек Хасенов "Қазспортинвест" АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әлібек Хасенов 1986 жылы 3 қазанда Қарағанды облысының Саран қаласында дүниеге келген.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін (маркетинг), Қазақстан-Ресей университетін (құқық) тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының "Қараөткел" РМК ресми іс-шаралар бөлімінің бастығы болып бастаған;
2018 жылдан бастап - мемлекеттік және ірі іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады;
2019-2024 ж.ж. - каноэ федерациясының ескек есу спортын дамыту жөніндегі атқарушы директор;
2024 жылдан бастап - Астанада "Болашақтың ойындарын" өткізуге өтінім әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.01.2025, 13:55 28421
"Болашақтың ойындары" турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды
Достарға айту
Болашақтың ойындары" турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Дирекция құрылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Болашақтың ойындарын" дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы базасында мамандандырылған Дирекция құрылды. Дирекцияның міндеті - 2026 жылы Астанада өтетін "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.
Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир - Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. 2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2025, 12:46 36831
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.
Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.
Бұдан бөлек, нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап, бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.
Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.
Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.12.2024, 17:20 48206
Түркістанда есірткіге қарсы жұлдызды матч ұйымдастырылды
Достарға айту
Түркістанда есірткіге қарсы жұлдызды матч ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!" тақырыбында облыстық полиция, прокуратура және әкімдіктің ұйымдастыруымен ауқымды спорттық шара өтті. Яғни Түркістан аренада "SD FAMILY" Қазақстанның медиа жұлдыздары мен "RUH FIGHTING" жекпе-жек шеберлері командалары арасында жұлдызды матч ұйымдастырылды.
Аталған матчтың негізгі мақсаты - жас буынды спортпен шұғылдануға шақыру, нашақорлықпен бірлесіп күресуді қоғам назарына жеткізу.
Түркістан қаласындағы матчқа спорт саласы мен әлеуметтік желіде өзіндік орындары бар, елге танымал 40-қа жуық жас арнайы келді. Олар жасыл алаңда ептіліктері мен шеберліктерін көрсетті. Әрбір ойыншы жарыстың тартысты өтуіне өз үлесін қосты.
Шаршы алаңдағы тартысты ойын "SD FAMILY" командасының есебіне 8:4 болып аяқталды. Жиналған көпшілік те, ойыншылар да ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Жалпы тәуелсіз еліміздің болашағы үшін ғасыр дертінен ел болып бас тартуымыз қажет! Оған құзырлы органдармен қатар белсенді жастарды тарту оң ықпал етеді деген сенімдеміз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 17:01 56566
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде ашылды
Достарға айту
Астанадағы Орталық саябақта шаңғы тебу маусымы ресми түрде ашылды. Осыған орай шаңғыдан жарыс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшелігі бойынша 500 метр және 2,5 км қашықтықта өтті.
Биылғы қыс шаңғы жарысын өткізуге өте ыңғайлы. Шаңғы маусымының ашылуын осы уақытқа жоспарлаған себебіміз - ауа райына байланысты. Тағы да айтарымыз, қардың қалыңдығы шаңғы жолын жоғары деңгейде жасауға мүмкіндік беріп отыр. Шаңғы - қысқы спорттардың арасында ең танымалдарының бірі. Астанамызда шаңғы спортымен айналысатын адамдардың саны өте көп. Бүгін де шаңғы маусымының ашылуына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысып жатыр. Ең қарт қатысушымыз 83 жаста. Шаңғы жарысынан бөлек, шаңғы маусымының ашылуында белбеу күресі, қол күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеру бәсекесінен сайыс ұйымдастырылды", - деді Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.
Бүгінгі шаңғы маусымында қатысушылар 7 жас санаты бойынша сынға түсті.
Шаңғы маусымындағы адамның көптігі жақсы әсер сыйлайды. Өзім жүзумен айналысамын. Ал қысқы мезгілде шаңғыға ден қоямын. Бір жылдан бері шұғылданғанымның арқасында төзімділігімді арттырдым. Спорттағы жетістігім өмірге де септігін тигізетініне сенімдімін", - деді шаңғы маусымының ең жас қатысушыларының бірі, 9 жастағы Кеңшілік Ахмет.
Спорттық шараның соңында әр жас шамасына қарай жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:47 63461
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
Достарға айту
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІI кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды.
Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне кандидаттар ретінде "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан Алтай Даумов, "Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан Ербол Қайыров және "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан Марат Омаров үміткер атанды.
ҚФФ Бас хатшысы Саян Хамитжанов жиынды ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді атап өтті. Одан кейін президенттікке үміткерлерге сөз берілді. Отырыстың ресми бөлігі аяқталған соң облыстық футбол қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің, футбол ұйымдарының және футбол мектептерінің өкілдері жаңа президентті сайлау үшін дауыс берді. Нәтижесінде қатысушылар М.Омаровтың кандидатурасын қолдады.
Министр Ербол Мырзабосынов Марат Омаровты жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қазақстан футбол федерациясының жұмысында үлкен өзгерістер болып жатыр. Бүгін құрылымның жаңа президенті тағайындалды. Басшылыққа Марат Омаров келіп отыр. Футбол әлемдегі ең қызықты әрі танымал спорт түрі. Қазақстан үшін де дәл солай. Жаңа президенттің басшылымен ұлттық құрама жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін. Марат Талғатұлы салаға жаңаша серпін әкеліп, осы уақытқа дейін жинаған тәжірибесін отандық футболдың дамуына жұмсайды деген ойдамын. Ел азаматтары футболға ерекше қызығушылықпен қарайды. Сондықтан футболды жаңаша дамытуымыз керек. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты арттыру қажет. Футболшылардың, әлемдік деңгейдегі бапкерлер мен төрешілердің дайындығына, резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу маңызды", - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл спорт түрімен 1 миллионнан астам адам тұрақты түрде айналысады. Оның ішінде ауылдық жерлерде 537 мың адам шұғылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.02.2025, 17:43Алматы облысының әкімі Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барды 06.02.2025, 17:46 75196Түркістан облысында "Ауыл аманаты" және "Ауыл - Ел бесігі" жобаларын біріктіру мәселесі талқыланды03.02.2025, 10:37 598112024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды03.02.2025, 19:55 57381Қазақстан метан шығарындыларын реттеуді нығайтуда: алғашқы консультациялық семинар басталды04.02.2025, 13:31 57296Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті
24.01.2025, 16:38 133971Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 131226Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 130916Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 128261Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда30.01.2025, 18:56 120771Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады