29.08.2023, 19:29 21476

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды КТФ баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін М.Костюк есепті қысқартқанымен, қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді - 6:2.

Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті - 6:1.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 122-ракеткасы, мажарстандық Панна Удварди немесе рейтингте 127-сатыдағы аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен кездеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны