28.11.2024, 18:17 2596

Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды

Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

2024 жылғы 28 қараша Астанада Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Жэнь Цзиндун, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, мұнай және газ, сондай-ақ атом энергиясы сияқты энергетиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов екі Мемлекет басшыларының басшылығымен Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі, оның ішінде энергетика саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтті.

Біздің энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы табысты өзара іс-қимылдың жарқын мысалы болып табылады. Бұл екі елдің тұрақты дамуына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді", - деді А.Жамауов.


Қазіргі уақытта Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында 26 жоба іске асырылуда, олардың жиынтық қуаты 1140,85 МВт құрайды.

МАЭК" ЖШС алаңында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалар талқыланды.


Мұнай тасымалы саласында Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, газ саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстан аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, "Орталық Азия - Қытай" газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ экспорттауды жалғастыруда. Қазақстан Түркіменстан мен Өзбекстаннан ҚХР-ға газ транзитінде де маңызды рөл атқарады.

Тараптар сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, мүмкіндік ҚХР аумағы арқылы үшінші елдерге табиғи уран транзитін кеңейту перспективалары талқыланды.

Қазақстандық тарап Қытай тарапының "Қытай - Орталық Азия" энергетикалық ынтымақтастық форумын өткізу жөніндегі бастамасын құптады.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылы ҚХР аумағында Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитеттің 14-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны