28.11.2024, 12:54 2441
Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Албания мемлекетінің әлемдегі мәртебесі асқақтап, халқының ырыс-берекесі арта беруін тіледі. Сондай-ақ Астана мен Тирана арасында мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достық қалыптасқанын атап өтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.11.2024, 18:20 1616
Көкшетауда "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" атты республикалық форумы өтті
Достарға айту
Көкшетау қаласының Достық үйінде "Мемлекеттік тіл - этносаралдық қатынас тілі" жобасын іске асыру аясында этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған "Ұлы даланың ұлтаралық тілі" республикалық форумы өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Форум спикерлері қазақ тілін меңгерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара соңында форумға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 18:17 1816
Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды
Достарға айту
Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылғы 28 қараша Астанада Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай Кіші комитетінің 13-ші отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік энергетика басқармасы басшысының орынбасары Жэнь Цзиндун, екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, мұнай және газ, сондай-ақ атом энергиясы сияқты энергетиканың негізгі салаларында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
ҚР Энергетика вице-министрі Ә.Жамауов екі Мемлекет басшыларының басшылығымен Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігі, оның ішінде энергетика саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтті.
Біздің энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы табысты өзара іс-қимылдың жарқын мысалы болып табылады. Бұл екі елдің тұрақты дамуына, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және халықтарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді", - деді А.Жамауов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері саласында 26 жоба іске асырылуда, олардың жиынтық қуаты 1140,85 МВт құрайды.
МАЭК" ЖШС алаңында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалар талқыланды.
Мұнай тасымалы саласында Атырау-Кеңқияқ және Кеңқияқ-Құмкөл учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, газ саласындағы ынтымақтастық табысты дамуда. Қазақстан аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайта отырып, "Орталық Азия - Қытай" газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ экспорттауды жалғастыруда. Қазақстан Түркіменстан мен Өзбекстаннан ҚХР-ға газ транзитінде де маңызды рөл атқарады.
Тараптар сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, мүмкіндік ҚХР аумағы арқылы үшінші елдерге табиғи уран транзитін кеңейту перспективалары талқыланды.
Қазақстандық тарап Қытай тарапының "Қытай - Орталық Азия" энергетикалық ынтымақтастық форумын өткізу жөніндегі бастамасын құптады.
Іс-шара қорытындысы бойынша 2025 жылы ҚХР аумағында Энергетика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитеттің 14-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:58 2176
Ұлттық Банк доллар бағамының күрт өсуіне байланысты түсініктеме берді
Достарға айту
Бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы аясында теңгенің айырбас бағамы АҚШ доллары үшін 500 теңгені еңсерді. Қазіргі уақытта биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешегі күннен бастап 2,4%-ға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы теңгенің орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.
Сыртқы және ішкі факторлар валюта бағамына теріс әсер етеді.
АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2%-ға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (2024жылдың 28 қарашасында). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0%-ға төмендеді (2024 жылғы 28 қараша бойынша).
Доллардың күш алуы - шикізат таурлары үшін әдеттегідей теріс фактор. Мұнай бағасының тым құбылуы, сол секілді, Д.Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің артуы мен мүмкін болатын сауда баждарына қатысты ұсыныстың артуына әкеледі деген экономистердің болжамдарынан пессимистік сарын байқалады.
Ресей Федерациясының қаржы секторына қарсы жаңа санкциялар енгізу аясында елдің негізгі сауда серіктестерінің бірінің валютасы - Ресей рублі әлсірей түсті. Осылайша, биржада юань/рубль жұбының бағамы юань үшін 15,1 рубльге жетіп, қараша айының басынан бастап 11,2%-ға әлсіреді. Forex Халықаралықвалюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы 1 доллар үшін 114,5 рубльден асты, ал рубль айдың басынан бастап 18%-ға әлсіреді.
Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектелуі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында байқалды. Мәселен, осы жылдың қараша айында сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 238 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың қараша айынан (193 млн АҚШ доллары) 1,5 есеге жуық және тамыз-қыркүйек айларындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемінен едәуір жоғары.
Осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді.
Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді, оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылатын болады.
Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіру және валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:49 2766
Қазақстан мен Ресей телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды
Достарға айту
Қазақстан мен Ресей 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен.
Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталды:
- Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады.
- Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді.
Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады.
Айта кеткен жөн, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.
Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны анықталды.
Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.
Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2024, 12:43 2991
Қытайдағы қазақстандық туризм жылы: ҚХР-дан келушілер ағыны 50 пайызға өсті
Достарға айту
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум екі елдің туризм саласындағы 300-ден астам өкілінің басын қосты. Форум аясында пленарлық сессия, "Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы" және "Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары" атты екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтті, деп хабарлайды ҚР ТСМ баспасөз қызметінен.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.
Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары - 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті. 2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді. Аталған көрсеткіш елдерімізге деген қызығушылықтың артқанын, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында жүзеге асырылған жобалардың нәтиже бергенін көрсетеді.
Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.
Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, "Жібек жолы" автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.
Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті. Әлеуметтік желілерде еліміз туралы жарияланымдардың қамтылу деңгейі 160 млн пайдаланушыны құрады.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.
Бүгінгі форум атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды іс-шарасына айналды. 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.
Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Бұған дейін бұл туралы қос елдің басшылары бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 22:01 29836
12,8 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Достарға айту
2024 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 12 835 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі - АӘТ) тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған төлемді тағайындауға жалпы 13 673 адам өтініш білдірген.
Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 151 адам жүгінді, оның ішінде 3 037 адамға тағайындалды.
Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 522 адам өтініш білдіріп, оның 9 798-іне тағайындалған.
Сондай-ақ, 351 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 119 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 368 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден - 538 адам, 4 көзден - 1 835 адам), Қостанай (2 көзден - 340 адам, ал 4 көзден - 1 151 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден - 283 адам, ал 4 көзден - 1 173 адам) облыстарында тіркелген.
Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі - БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.
Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 21:51 29631
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды: ҚХР-дан келушілер саны шамамен 50% артты
Достарға айту
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы қорытындыланды: ҚХР-дан келушілер саны шамамен 50% артты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара туризм жылының қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамалардың бастауына айналды.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысына арналған халықаралық форум екі елдің туризм саласындағы 300-ден астам өкілінің басын қосты. Форум аясында пленарлық сессия, "Қазақстан мен Қытай арасындағы туризмді дамыту динамикасы" және "Ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары" атты екі панельдік сессия, екі мемлекеттің туроператорлары мен туристік бизнес өкілдерінің B2B кездесулері өтті.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында ҚХР қалаларында 30-дан астам ірі іс-шара ұйымдастырылып, 200-ден астам келісімге қол қойылды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.
Биылғы жыл Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы өзара іс-әрекетінің айтарлықтай кеңеюімен ерекшеленді. Біздің елдеріміз арасындағы туристік ағын елеулі өсімді көрсетті. Бұл бізді тату көрші екендігімізді, өзара түсіністік пен мәдени алмасуға деген ортақ ұмтылысымызды көрсетеді", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
Шекара қызметінің деректеріне сәйкес, отандастарымыздың Қытайға сапары - 31%, ал Қытайдан Қазақстанға келген меймандар қатары 50% өсті. 2024 жылдың 10 айында елімізге Қытайдан 550 мың адам келген. Былтыр бұл көрсеткіш 367 мың адамды құраған еді. Аталған көрсеткіш елдерімізге деген қызығушылықтың артқанын, Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында жүзеге асырылған жобалардың нәтиже бергенін көрсетеді.
Биыл Бейжің, Сиань, Шанхай, Гонконг, Үрімші қалаларында Қазақстанның қалалары мен облыстарының туризм күндері өтіп, біздің ел 4 туристік көрмеде (COTTM, ITB China, ITE Hong Kong, Қытай медициналық туризм жәрмеңкесі) ұсынылды. Шаньдун және Хэбэй провинцияларында екі үлкен концерт өтті. Тяньцзинь қаласында "Алтын адам" және "Ұлы дала" көрмелерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің коллекцияларынан экспонаттар ұсынылды.
Сондай-ақ биыл мәдени-ақпараттық іс-шаралармен қатар ауқымды жобалар да ұйымдастырылды. Мәселен, "Жібек жолы" автокеруеніне, Peking-Paris Motor Challenge раллиіне, Жібек жолы бойынша мототурға 500 жуық адам қатысты.
Қытайдың ірі медиа корпорациялары еліміздің туристік әлеуетін белсенді түрде танытты. Қазақстанның ҚХР-дағы туризм жылының жалпы медиа нәтижесі 1,8 млрд қаралымға жетті. Әлеуметтік желілерде еліміз туралы жарияланымдардың қамтылу деңгейі 160 млн пайдаланушыны құрады.
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы саяхатшылар үшін жаңа көкжиектер ашып, туризм индустриясы өкілдеріне серіктестікті кеңейтуге жол ашты.
Бүгінгі форум атқарылған жұмыстарды қорытындылаудың және ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды іс-шарасына айналды. 80-ге жуық қазақстандық және қытайлық туроператор іскерлік байланыстарды нығайту және әріптестік орнату үшін B2B келіссөздер жүргізді.
Айта кетейік, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланған болатын. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстан-Қытай туризм және инвестициялар форумы өтті. 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Бұған дейін бұл туралы қос елдің басшылары бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.11.2024, 21:48 29521
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған "Қазақ өнерінің қара шаңырағы" атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті
Достарға айту
ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған "Қазақ өнерінің қара шаңырағы" атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспозицияда Ұлттық кітапхана қорында сақталған екі мыңнан аса құнды деректер ұсынылды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталық материалдар, компьютерлік дискілер мен күйтабақтар бар. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қорының қолжазбалары мен ноталық басылымдары ерекше назар аудартты.
Көрмеде Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалдық үйінен әкелінген наградалар мен медальдар, Ахмет Жұбановтың қолданған домбырасы, киген киімдері және тарихи фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Құддыс Қожамияровтың сахналық киімі ұсынылды.
Сондай-ақ, іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерінің тұсаукесері өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
28.11.2024, 12:43Қытайдағы қазақстандық туризм жылы: ҚХР-дан келушілер ағыны 50 пайызға өсті 28.11.2024, 12:49 3386Қазақстан мен Ресей телекоммуникация саласындағы үкіметаралық келісімге қол қойды28.11.2024, 12:54 3061Мемлекет басшысы Албания Президенті Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдады28.11.2024, 12:58 2796Ұлттық Банк доллар бағамының күрт өсуіне байланысты түсініктеме берді28.11.2024, 18:17 2436Астанада энергетика саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы талқыланды
22.11.2024, 14:04 133341Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133106Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 107986Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді22.11.2024, 11:55 99226Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті22.11.2024, 12:03 99191Алматыда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін ірі құрылыс нысаны айыппұл салынды
22.11.2024, 14:04 133341Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 133106Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда08.11.2024, 13:42 115936Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады01.11.2024, 16:38 114181Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі01.11.2024, 16:30 108341Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды