18.05.2023, 09:52 21611

Елена Рыбакина Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Рыбакина жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі
Елена Рыбакина Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясынан. Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде биыл Е. Рыбакина жеңген еді. Бірінші партияда Ига Швентек 4:0 есебімен алға кетіп, сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:2. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда тұрды. Дегенмен, Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді. Осылайша, биыл Елена әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты. Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол ширек финалда тартысты кездесуде испаниялық Паула Бадосаны жолдан тайдырды – 6:2, 4:6, 6:3.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны