09.03.2021, 18:26 94762

Фристайл-могулдан Қазақстан командасы Алматыда өткен әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Юлия Галышева мен Павел Колмаков жеңіс тұғырына көтерілді.
Алматы. 9 наурыз. Kazakhstan Today - 8 наурызда Алматыда фристайл-могулдан әлем біріншілігінің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды. Юлия Галышева мен Павел Колмаков жеңіс тұғырына көтерілді.
 
Айта кетелік, Юлия Галышева күміс жүлдегер атанса, Павел Колмаков әлем чемпионатындағы алғашқы медалін еншілеп, қолаға қол созды, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, фристайлдан могул мен акробатика әлем чемпионаты Алматыда, Шымбұлақта 8-11 наурыз аралығында өтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Алматы

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны