17.01.2023, 08:38 31521

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Универсиадада кезекті ірі жеңіске жетті

Қазақстан хоккей турнирінде қатарынан төртінші рет жеңіске жетті
Хоккейден Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Универсиадада кезекті ірі жеңіске жетті
Сурет: icehockey.kz
Астана. 17 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Словакияға қарсы өткізді.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсуде. Атап айтқанда, 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны - 5:1, одан кейін Венгрияны - 9:1, Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді.

Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мухаметов (8-минут), Станислав Александров (10-минут), Батырлан Муратов (20-минут) және Олег Бойко (29-минут) төрт гол соқты. Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, жарыстың плей-офф сатысына бір тур бұрын жолдама алды.

Словакия құрамасы бұған дейін Венгрияны - 4:0, Ұлыбританияны - 14:0, АҚШ-ты 5:2 есебімен жеңген еді.

Енді Қазақстан студенттер құрамасы 18 қаңтарда АҚШ-құрамасымен кездеседі.

Аталған топтан алғашқы екі орындағы құрамалар 21 қаңтарда өтетін жартылай финалға жолдама алады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 22 қаңтар күні өткізіледі.

Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы дүбірлі додаға тоғыз мәрте қатысты. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпиондық тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс, 2007 жылы қола медаль иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның қоржынында екі алтын медаль бар. Биатлондағы алтынды Вадим Куралес жеңіп алды. Екінші алтын медальді Данил Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіп алды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны