09.12.2019, 15:54 69649

Тимур Құлыбаев пен World Athletics басшысы Себастьян Коэ кездесті

Елордаға танымал спорт функционері, 1980 жылғы Мәскеу және 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының жеңімпазы Себастьян Коэ екі күндік іссапармен келді. Нұр-Сұлтанға сапары барысында ол бірнеше іс-шараға қатысты.

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен World Athletics басшысы Себастьян Коэ кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Елордаға танымал спорт функционері, 1980 жылғы Мәскеу және 1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының жеңімпазы Себастьян Коэ екі күндік іссапармен келді. Нұр-Сұлтанға сапары барысында ол бірнеше іс-шараға қатысты.

Қазақстан ҰОК пен World Athletics басшысының кездесуінде отандық жеңіл атлетиканың даму барысы және 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық кезеңі талқыланды. Сондай-ақ, жеңіл атлетикалық нысан құрылысы мен жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Себастьян Коэ Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды рольге ие екенін тағы бір атап өтті.

"Сізді Қазақстанда көргенімізге қуаныштымыз. Сіздің елордаға жасаған сапарыңыз әріптестікті нығайтып қана қоймай, еліміздегі жеңіл атлетиканың дамуына ерекше әсер етеді. Қазақстан спортында жеңіл атлетиканың алар орны бөлек. Соңғы алты Олимпиада ойындарында біздің атлеттер бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілді. Екі рет бірінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, команда мүшелері әлем чемпионаттарында көзге түсіп жүр. Біз жеңіл атлетика ардагерлері салып өткен сара жолды жалғастырып келеміз. 2020 жылғыТокио Олимпиадасына спортшыларымыз жолдама алып үлгерді. Алдағы іріктеу турнирлерінде лицензия санын көбейте түсуді көздеп отырмыз. Бізге қолдау көрсетіп, Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшылар қатарына қосқаныңыз үшін алғысымыз шексіз", - деді Тимур Құлыбаев.

World Athletics президенті Себастьян Коэ Қазақстанның құрлықтық және әлемдік жарыстарды қабылдауға әлеуеті жететінін айтты. Ол резервтегі спортшылардың шеберліктерін арттыру үшін жағдай жасалғанына ерекше мән берді. Екі күн ішінде ол оқушылар Сарайындағы жеңіл атлетика манежіне барып, Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған "Altay Kids Cup III" балалар турнирінің қатысушыларын марапаттады.

Сондай-ақ, World Athletics басшысы "Барыс-Арена" мұз сарайын аралап, жаңадан салынып жатқан "Жабық жеңіл атлетика кешенінің" құрылысымен танысты. Мәртебелі қонаққа Алматы облысында орналасқан "Ақ Бұлақ" заманауи спорттық базасы да таныстырылды.

Сапар соңында Себастьян Коэ еліміздегі заманауи инфрақұрылымды жоғары бағалады.

Айта кетелік, Қазақстан ҰОК және World Athletics басшылары Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму комиссиясының мүшелері.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны