03.09.2021, 20:30 9918

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағында экономикалық қатысуды күшейтуге ниетті - Тоқаев

Сондай-ақ, Тоқаев Қытайдан транзитті кеңейту үшін Достық-Мойынты жаңа темір жол тармағының құрылысын, Қазақстанда АЭС салу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту туралы мәселені басым мәселелердің қатарында атап өтті.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚЫРКҮЙЕК - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі экономикалық қатысуын күшейтуге ниетті екенін айтты.
 

Мен Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық белсенділіктің әлемдік орталығына айналды деген пікірмен бөлісемін. Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы ретінде осы өңірде өзінің қатысуын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл тәсіл біздің еліміздің Азиядағы серіктестермен қарым-қатынасының мәнін көрсетеді", - деді Тоқаев бүгін Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында бейне байланыс арқылы сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды ТАСС.

 
Президент, сондай-ақ, Қазақстан билігі Қытайдан жүк транзитін кеңейту үшін жаңа теміржол желісін салу туралы шешім қабылдағанын атап өтті.
 

Қазақстан транзиті өзінің экономикалық тұрғыдан тартымдылығы мен сенімділігін дәлелдеді. Сондықтан инфрақұрылымды жетілдіру ісін жалғастыра береміз. Атап айтқанда ҚХР-мен арадағы транзиттік қатынастарды кеңейту үшін "Достық – Мойынты" жаңа темір жол бағытының құрылысын бастаймыз. Инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асады", – деді Президент. 

 
Президент өз сөзінде, сондай-ақ, бес жыл ішінде Қазақстан билігі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын екі есе - шамамен 7 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздеп отырғанын мәлімдеді.
 

Оның 70%-ын өңделген өнім құрайды", - деді Тоқаев.

 
Қазақстан басшысы республикадағы АЭС құрылысын да басым мәселелердің қатарында атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет.
 

Мен Қазақстан халқына Жолдауымда елімізде атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Бұл ретте, әрине, азаматтар мен бизнесті қоса алғанда, мемлекеттің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Менің ойымша, Қазақстанға атом станциясы қажет болғандықтан, бұл мәселені жан-жақты қарастыратын кез келді", - деді Тоқаев.


Естеріңізге сала кетейік, 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығына байланысты Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.
 
Ақпарат көзі: tass.ru
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны