26.01.2022, 18:06 17801

Тоқаев "Орталық Азия - Үндістан" саммитіне қатысады

Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - Ертең, 27 қаңтарда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған "Орталық Азия – Үндістан" атты саммитке қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды", - деп жазды Уәли Facebook-те.

 
Жиын қорытындысы бойынша "Орталық Азия – Үндістан" атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.
 
Ол жиынға Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди бастамашы болатынын айтты. Іс-шара онлайн форматта өтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны