09.09.2021, 19:35 8579

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекетаралық Кеңесті басқарды

Мемлекетаралық Кеңестің VI отырысы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Кеңес төрағасы болып сайланды.
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚЫРКҮЙЕК - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов ТМД сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекетаралық Кеңестің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Аталған кеңес қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен іс-қимылдарды және міндеттемелердің орындалу мониторингін үйлестіреді.
 
Мемлекетаралық Кеңестің VI отырысы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Кеңес төрағасы болып сайланды.
 

М. Ахметжанов өз сөзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты оның барлық түрінде жоюға бағытталған мақсатты бағытты ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қылмыстық процесті жаңғыртуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарға және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аудара отырып, әріптестерін елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны