15.04.2021, 18:30 17496

Ақмола облысында Adaldyq alany жаңа кеңселері ашылды

КӨКШЕТАУ. 15 СӘУІР - ІІМ тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға және азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыруға мүмкіндік беретін полицияның барлық аумақтық бөлімшелерінде "Adaldyq alany" жобасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгінде ашықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет пен қоғамдық бақылау полиция үшін басым бағыт болып табылады, ал "Adaldyq alany" жобасы полиция мен қоғам арасындағы байланыстырушы көпірге айналады", - деп атап өтті Ішкі істер министрінің орынбасары А.Калайчиди.

 
Кездесуге қатысушылар Көкшетау қаласы мен Зеренді кентінде ашылған екі жаңа "Adaldyq alany" фронт-офисіне барды.
 

Бұл жоба халықпен коммуникация жасау үшін негізгі офлайн-платформалардың біріне айналады. Қабылдау бөлмелерінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалған, заманауи жабдықтар орнатылған, интернеттің сымсыз желісіне қол жетімділік бар. ІІМ басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі мен жазбасы, сенім телефондары, өтініштер мен басқа да құжаттар нысандарын толтыру үлгілері туралы толық ақпараты бар стенд қойылған. Фронт-офисте азаматтарға ауқымды мәселелерді шешуге кеңес беретін және көмектесетін қызметкерлер үнемі кезекшілік етеді", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінде.

 
Бұл жерде азаматтар полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарларына өтініш бере алады немесе жеке қабылдауға жазыла алады, ал егер өтініштер мен арыздарда қылмыс құрамының белгілері байқалса, онда полиция қызметкерлері бұл хабарламаны сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізеді.
 
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ақмола облысында "Adaldyq-alany" жобалық кеңселері облыстық полиция департаментінің әкімшілік ғимараттары аумағында және 17 қалалық және аудандық бөлімшелерде орналасқан. Сонымен қатар, олардың құрылысы Аршалы және Қорғалжын аудандарында жоспарланған.
 
ІІМ өкілдері Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығына, учаскелік пунктке және "Модуль-1" стационарлық полиция бекетіне, Зеренді аудандық полиция бөліміне барып, Ақмола полициясының азаматтардың өтініштеріне ден қою, құқық тәртібін, тұрғындардың қауіпсіздігін және конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысымен танысты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны