10.06.2024, 17:02 29561

Алматыда автомобиль жолдарын жөндеу кезінде бұзушылықтар анықталды

Алматыда автомобиль жолдарын жөндеу кезінде бұзушылықтар анықталды
Алматыда автомобиль жолдарын жөндеу кезінде заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) қадағалау актісі енгізілді, оны орындау үшін Басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстарымен қамтамасыз етті.

06.04.2024 жылы Жоғарғы Соттың қаулысымен жеткізушілерден 754 млн.теңге өндірілді.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны