28.01.2025, 17:17 49176
Алматыда ұзақ салынған ірі құрылысты бұзуға кірісті
Достарға айту
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Меңдіқұлов бульварының батысында аяқталмаған көпдеңгейлі паркингті бұзу туралы хабарлайды.
2007 жылы "СЕРТ" АҚ жалға алу учаскесінде 5 деңгейлі паркинг салуға кіріскен еді.
2009 жылдың аяғынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары 1-2 қабат деңгейінде тоқтап қалды.
2015 жылы уақытша жер пайдалану құқығы да тоқтатылды, содан кейін "Сейсмостройзащита" ЖШС мамандары объектінің тірек және қоршау конструкцияларына тексеру жүргізді.
Сарапшылар негізгі тірек конструкцияларының техникалық жай-күйі туралы қорытынды берді, зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы конструкцияларды бөлшектеу ұсынылды.
Басқармадан кейін сотқа аяқталмаған объектіні бұзу туралы талап арыз берілді. Соттың 2018 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен талап - арыздар қанағаттандырылды.
Аяқталмаған нысанды бөлшектеу бүгін басталды. Айта кету керек, бұл Медеу ауданында бөлшектелген екінші нысан.
Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша Радлов көшесі, 9/1 учаскесі бойындағы аяқталмаған ғимаратты бұз да басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысты бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 65 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.01.2025, 14:46 24051
Қазақстан Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар үшін жаңа қағидаларды енгізуде
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар үшін жаңа қағидаларды енгізуде, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жалпыелдік маңызы бар жобаларға сараптама жүргізу қағидаларының жобасы әзірленді.
Үкімет Ұлттық банк және Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп жобаларды міндетті сараптау және талдау тетігін әзірледі. Бағалау процессі екі негізгі кезеңді қамтиды.
Стратегиялық бағалау - бірінші кезеңде Ұлттық экономика министрлігі жобаларды елдің стратегиялық құжаттары басымдықтарына сәйкестігіне, сондай-ақ олардың ЖІӨ-ге салым, бюджеттік түсімдердің ұлғаюы және инвестициялардың өсуі бойынша болжамдарды қоса алғанда, экономикаға әсерін бағалайтын болады.
Кешенді бағалау - сараптаманың екінші кезеңі тереңірек талдауды қамтиды. Ұлттық Банктің, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің мамандарын қамтитын сараптамалық топ жобалардың қаржылық-экономикалық және техникалық аспектілерін бағалайтын болады. Қажет болған жағдайда тәуелсіз сараптама үшін жоба бастамашысының қаражаты есебінен сырттан мамандар тартылатын болады.
Сонымен қатар, жобалардың сапасы мен тұрақтылығын арттыру үшін қаржыландыру шарттары өзгерді. Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың үлесі талап етілетін қаражаттың жалпы көлемінің 50 %-дан аспайтын болады. Қалған соманы жоба бастамашысының немесе жоба жоба акционерлерінің, Екінші деңгейдегі банктердің, халықаралық қаржы ұйымдарының өз қаражаты арқылы қоса қаржыландыру қажет болады.
Жоба сараптама жүргізу және қағидаларды бекіту шарттарын нақтылай отырып, Бюджет кодексіне өзгерістер енгізеді.
Қағидалар жобасын қабылдау Ұлттық қордан қаражат бөлу шарттарын қатайтады және оның қаражатын жалпы қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру үшін жұмсауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:34 24321
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.
Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.
Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.
Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:21 24761
Қазақстан мен Қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге келісті
Достарға айту
Қазақстан мен Қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге келісті, деп хабарлайды ҚР парламент мәжілісінің баспасөзө қызметінен.
Мәжіліс депутаттары 2024 жылы 14 ақпанда Доха қаласында қол қойылған Қатар мемлекетімен арадағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялады. Ол екі елдің құзырлы органдары арасындағы адамдарды қылмыстық қудалау үшін ұстап беру мәселелері бойынша құқықтық қатынастарды реттейді.
Құжат ұстап берудің және одан бас тартудың негіздерін анықтайды, сондай-ақ ұстап берудің шарттары мен тәртібі, оны кейінге қалдыру және уақытша беру туралы ережелерді қамтиды. Әр тарап өз азаматтарын ұстап беру мәселесін қарастырмайды.
Іздеудегі адамдарды алдын ала қамауға алу тәртібі, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде алынған немесе дәлел бола алатын заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелері реттеледі.
Келісімді ратификациялау тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығын нығайтып, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етудің тиімділігін арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:18 25061
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚСШ бойынша табысы бар қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады
Достарға айту
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап нысанасы жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі - АҚС) бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады. Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Аталған жеке тұлғалар әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.
Әлеуметтік аударымдар ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленген.
Осы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, АҚС шарты бойынша алынатын табыс сомасы болып табылады.
Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі 7 ең төменгі жалақыдан (бұдан әрі - ЕТЖ) аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ЕТЖ-дан негізге ала отырып есептеледі, төленеді.
Егер тұлға бір төлеушімен жасалған екі және одан да көп АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі және ең жоғары объектісі бір төлеушіден алынған жалпы табысқа қолданылады.
Төлеушілер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осылайша, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдерді ала алады:
- жұмысынан айырылу;
- еңбекке қабілеттілігінен айырылу;
- асыраушысынан айырылу;
- жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;
- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысының жоғалуы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.01.2025, 14:05 25291
Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді
Достарға айту
Ұйымдарда көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (бұдан әрі - АӘҚ) сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда АӘҚ көрсететін мамандардың тізілімі (бұдан әрі - тізілім) енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тізілім - бұл Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген мамандардың электрондық тізімі, онда әлеуметтік қызметкер туралы толық ақпарат бар: жеке деректері, білімі, біліктілікті арттыру туралы мәліметтері, аттестаттаудан өту туралы мәліметтері, жұмыс тәжірибесі және т. б.
Тізілім арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық мамандардың тізбесін тиімді қалыптастыруға, әлеуметтік қызметкерлер туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1023 объекті бөлімшелерін ескере отырып, барлығы 502 мемлекеттік ұйым және 122 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, күндізгі болу орталықтары, оңалту орталықтары мен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, уақытша болу орталықтары және дағдарыс орталықтары бар.
Әлеуметтік қызметкерлер бүгінде 8 қызмет түрін көрсетеді, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік-медициналық қызмет.
АӘҚ оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, олардың алушыларының жасын және денсаулық жағдайын, сондай-ақ тұру жағдайларын ескере отырып тағайындалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 17:07 49481
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы жиын барысында Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, салық-бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қолдау ісін реттеп, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамыту жөніндегі нақты міндеттер мен жоспарларға тоқталды.
Президенттің пікірінше, алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек.
Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек. Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл - жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Үкіметтің биылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің фискалдық жүйесін, яғни салық және бюджет саласын реформалауға қатысты ұстанымдарды таныстырды. Ақша-несие саясатына қатысты мәселелер бойынша Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов сөз сөйледі. "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қордың қызметі туралы есеп берді.
Бұдан бөлек, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 16:59 50081
ЖЖМ бағасы ақпан айынан бастап өседі - Энергетика министрлігі
Достарға айту
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жанармай бағасы келешекте қалай реттелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.
Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұған дейін Президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойды. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру туралы шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар. Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларды Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды", - деді ол.
Министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасын ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отырғандарын мәлім етті.
Тауарлық газдың бағасы биылғы жазға қарай біртіндеп өседі деп отырмыз", - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірді.
Былтыр баға диапазонын 54-55 теңге болса, 59-90 теңге арасында болады. Ол енді өңірлерге байланысты. Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін болады деп отырмыз", - деді Энергетика министрі.
Бұған дейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС салуға қайтадан референдум өткізілмейтіні туралы айтқан еді.
Еске салсақ, Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ екенін айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.01.2025, 12:45 41386
Түркістан облысында полиция 4 жыл бұрын жоғалған қызды іздеп тапты
Достарға айту
Түркістан облысының полицейлері 4 жыл бұрын жоғалып кеткен қызды тауып, анасымен қауыштырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Төлеби аудандық полициясы осыдан 4 жыл бұрын із-түссіз жоғалған жас қызды үздіксіз іздеу нәтижесінде аман-есен тауып, анасымен қауыштырды.
Осылайша талай жылдарды туған қызын күтіп, аңсаумен өткізген ақ жаулықты анаға сүйінші хабар жетті!
Нақтырақ айтсақ, 2021 жылдың жаз айында жергілікті тұрғын полицияға 16 жастағы қызының жоғалғанын айтып, арызданған. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылар барлық қажетті тергеу әрекетін атқарған. Бірнеше жыл өтсе де тұрғынның арызы негізінде іздеу ісі жалғасып, нәтижесінде 2025 жылдың қаңтар айында бір-бірінен көз жазып қалған анасы мен қызының кездесуіне ықпал етті. Әйел қуаныштың көз жасын жасыра алмады.
Қызымнан хабарсыз қалып, нендей жағдайда екенін біле алмай жүрген күндер артта қалды. Көп рақмет сіздерге. Арасында өздеріңізге де сенімсіздік білдірген едім, бүгін міне үмітім ақталып отыр. Сіздерге алғысым шексіз", - деген анасы көңілдегі шынайы ризашылығын жеткізді.
Полиция жас қызды Алматы қаласындағы тамақтану орындарының бірінде жұмыс жасап жүрген жерінен тапқан.
Бүгінде қыздың осынша уақыт қайда, не себеппен хабарсыз кеткенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы жайт бойынша мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.01.2025, 14:05Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді 29.01.2025, 14:18 235912025 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚСШ бойынша табысы бар қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады29.01.2025, 14:21 23291Қазақстан мен Қатар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адамдарды ұстап беруге келісті29.01.2025, 14:34 22851Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады29.01.2025, 14:46 22581Қазақстан Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалар үшін жаңа қағидаларды енгізуде
24.01.2025, 16:38 131006Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 128291Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 127966Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 125481Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда24.01.2025, 15:14 117031Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді
31.12.2024, 18:33 149241Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 148931Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 148441Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 138341Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті24.01.2025, 16:38 131006Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда