10.06.2024, 17:30 36486

Қазақстанда азық түлік тауарларының 10 түрінің бағасы төмендеді

Маусым айының бірінші аптасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі 0,1%-ға төмендеді Өңірлердегі баға көрсеткіші сенбі, 8 маусымда вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Сауда комитетінің мәліметі бойынша, бір апта ішінде тауар мен көкөністің 10 түріне баға төмендеді: күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, сүзбе, 1 сұрыпты ұн, тауық жұмыртқасы, макарон өнімі, сәбіз, пияз және қырыққабат. Картоптың бағасы 4,4%-ға көтерілді. Бұл көкөніс түріне бағаның өсуі Астана, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тіркелді.

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, егістіктен алынған жаңа өнімнің бағасы қазір тұрақсыз және күн сайын өзгеріп отырады. Дегенмен әкімдіктердің ерте шығатын өнімге форвардтық келісімшарттарды уақтылы жасасуы баға ауытқуларын реттей алады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны