20.09.2022, 17:27 10146

Астанада жаңа ту мен елтаңба пайда болады

Астанада жаңа ту мен елтаңба пайда болады
АСТАНА. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Елорда мәслихаты бүгінгі отырыста Астананың жаңа рәміздері - туы мен елтаңбасын бекіту туралы шешім жобасын дайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Тиісті құжат 2022 жылғы 4 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
 

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. "Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті. "Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті "ASTANA" деген жазуы бар. "ASTANA" жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан", - делінген құжатта.

 
Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.
 
Құжат сондай-ақ Астананың елтаңбасын пайдалану тәртібін айқындайды.
 
Астана қаласы елтаңбасының бейнелері жұмыс кабинеттерде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында олардың иелерінің қалауы бойынша орнатылады (орналастырылады). Астана қаласының елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде бейнеленуі мүмкін. Астана қаласының елтаңбасы қаланы көркемдік безендіруде пайдалануы мүмкін.
 
Астана қаласының елтаңбасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандарын дайындау кезінде пайдалана алмайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға бұрынғы Астана атауын қайтару туралы Жарлыққа қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны