18.10.2024, 10:18 4121

Қазақстанға Қытайдың әскери делегациясы келді

Қазақстанға Қытайдың әскери делегациясы келді
Қытай Халық-азаттық армиясы "Батыс" Біріккен қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу бағдарламаларымен танысты.

Сапар аясында ҚР ҚК Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдерімен кездесулер өтті.

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қытайлық әріптестер ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін елдің әскери тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер қойылған Мемлекеттік әскери-тарихи музейге барды.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әскери ынтымақтастықты дамыту ниеттерін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны