27.01.2025, 12:43 22596
Қазақстан мен Түркияның 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Түркия Республикасына барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының өкілдері кезекті штабтық келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары қабылданды.
Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, түрік тарапынан бригадалық генерал Чатал Ердоған қол қойды.
Полковник О. Құсайыновтың айтуынша, екіжақты кездесу барысында әскери білім және ғылым, бітімгерлік қызмет, жауынгерлік және медициналық дайындық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоспарда жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу да қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.01.2025, 16:50 16691
Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 16:46 17001
Астық экспорты, инвестициялық жобалар және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту: Бектенов пен Чунлинь осы мәселелрді талқылады
Достарға айту
Олжас Бектенов ҚХР-ның Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, АӨК, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.
Премьер-министр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы қарқынды және сенімді байланыстар серпінді экономикалық ынтымақтастықтың негізі екенін баса айтты.
Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9%-ға өсіп, $43,8 млрд-қа жетті. Екі мемлекет басшылары қойған өзара сауда көлемін екі есеге арттыру жөніндегі міндеттерге қол жеткізу мақсатында үкіметтер тауар айналымын әртараптандыруға бағытталған қолда бар әлеуетті кеңейту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты қазақстандық тарап жеткізілетін өнім номенклатурасын одан әрі кеңейтудің, оның ішінде, қытай тарапының астық жүктерін вагондардың барлық түрі бойынша қабылдауын ұлғайту, сондай-ақ ҚХР-ға экспорттаушылар тізіліміне жаңа қазақстандық кәсіпорындарды енгізу арқылы Қытай нарығына қазақстандық астықтың экспортын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұдан басқа, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қытай Қазақстанның 5 үздік инвесторының қатарына кіреді. Бүгінгі таңда 11 мың жұмыс орны ашу арқылы $8,7 млрд-қа 62 Қазақстан-Қытай жобасы іске асырылды, 17,4 мың жұмыс орнын ашатын 13,5 млрд-қа 55 жоба іске асыру сатысында. Жалпы пулға $60,5 млрд-тан астам 222 инвестициялық жоба кіреді.
Сондай-ақ транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ деректері бойынша 2024 жылдың 11 айында Қазақстан мен ҚХР арасында жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 29,3 млн тоннаны құрады. Жүк тасымалын одан әрі арттыру үшін қазақ-қытай шекарасында жаңа өткізу пункттерін ашу және қолданыстағы өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ шекара маңындағы кеме қатынасын дамыту жөнінде бірлескен шаралар қабылдаудың маңызы нақтыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық негізгі бағыттары бойынша әріптестікті нығайту және бірлескен жұмысты күшейту ниеттерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 16:42 17246
Тоқаев Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Достарға айту
Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.01.2025, 12:10 23396
Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 4,5%-ға азайған
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің мәліметі бойынша 2024 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болған. Бұл ретте 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмендеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,20 құрады.
Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында - 159 адам, ШҚО-да - 124 адам, Павлодар облысында - 112 адам, Абай облысында - 101 адам, Қостанай облысында - 91 адам, зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам зардап шекті.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде - 18,3% және құрылыс саласында - 10,1%.
Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (35,5%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (31%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,2%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,6%).
Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мен өндірістік жарақаттануды азайту ҚР Үкіметі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Соңғы бес жылдың ішінде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау саласы бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3%-ға төмендеді.
Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3262 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан "Нөлдік жарақат - Vision Zero" тұжырымдамасын жетілдіру бойынша белсенді жұмыс атқарылуда. Оған бүгінде 605 кәсіпорын қосылды.
Құрылыс объектілерінде бас мердігердің объектідегі еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша барлық қосалқы мердігерлерге жауапкершілігі мен бақылауын көздейтін бақылаудың тік моделін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл бақылау моделін республиканың 318 кәсіпорны енгізді.
Бұдан басқа, жұмыс берушілерге еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік беретін "Онлайн еңбек консультанты" электрондық сервисі іске қосылды. Сервис іске қосылған сәттен бастап оны 42 985 жұмыс беруші пайдаланды.
Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда, ол 4 негізгі бағытты көздейді. Бұл тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру. Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану мен кәсіптік сырқаттанушылық деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:38 119041
Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстанда "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда елдің электр желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 470 мың км құрайды, оның 27 мың км ұлттық маңызы бар.
Жоғары тозуды (70%-дан астам) назарға ала отырып, 77,5 мың км электр желілерін жаңғыртуға 2,7 трлн теңге тартылады, бұл тозу көрсеткішін 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, белгіленген электр қуатын ұлғайту және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 2029 жылға қарай 6 208 млрд.теңге сомасына 7,3 ГВт (29 жоба) қосымша генерациялау көздеріенгізілетін болады.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру электр станцияларының орташа тозуын 57%-дан 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласына 1622 км тозған желілерді ауыстыру және қайта жаңарту үшін жалпы сомасы 1 257 млрд.теңге инвестициялар тартылуда, бұл орташа тозуды 10%-ға төмендетеді және еліміздің 12 млн. астам азаматының өмір сүру сапасын жақсартады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:24 119316
Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.
Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:20 119716
Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті
Достарға айту
Елордалық "Мама ПРО" әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жүздеген әйелге бизнесте алға ұмтылуына көмектесті. Астанада осындай қайсар аналардың қатысуымен арнайы форум өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қор Астана әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба кәсіпкерлік жолын бастаған, бірақ қиындықтарға тап болып, ерекше баласы бар аналарға көмектесуге бағытталған. Ұйым бұл әйелдерге қысқа мерзімді курстарды ғана емес, сонымен қатар тереңдетілген оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ бизнес жобаларын одан әрі дамыту үшін тәлімгерлік және коучинг сессияларын ұсына отырып, қолдау көрсетті.
Тренинг 12 айға созылып, жеке бизнес-жобаларын бастаған түлектер қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнес үшін ЖИ-ді жүзеге асыру жолдарын үйренді, сонымен қатар 3 жыл бойы стратегиялық жоспарлауды құрастыруды үйренді.
Жоба барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және қазірдің өзінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан 100-ден астам әйел оқытылды. Масштабтау, тапсырмалар беру және бизнес-процестерді оңтайландыру қажеттілігіне тап болған кәсіпкерлер оқу кезеңінде туындаған қиындықтарды жеңіп, өз бизнесін жаңа деңгейге көтере алды.
Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, 2018 жылдан бері 143 курс өткізіліп, осы уақыт аралығында 3500-ден астам әйел осы ҮЕҰ-ның түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, білім алған.
Ерекше балалар үшін қор сиплинг-дәрістер өткізеді, оған олардың ағалары мен әпкелері де шақырылады.
Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында көптеген әйел жұмыс тауып, "Еңбек мобильділігі орталығы" арқылы жұмысқа орналасты. Біздің қызметкерлер арасында оқуын тәмамдап, командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады", - деді қордың құрылтайшысы Әсия Тикеева.
Қордың білім беру жобаларына қатысушылардың бірі - Лейла Бехбудова. Ол балаларға арналған ойыншықтар тоқиды.
Мен өз жұмысымнан үлкен ләззат аламын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы - ойыншықтардың қауіпсіз болуы. Мен оларды мақта жіптен жасаймын, ал ішін толтыру үшін холофибрді қолданамын. Тоқыған кезде бірден мықтап бекітуге тырысамын, сонда ештеңе кетпейді", - дейді Лейла Бехбудова.
Оқыту курстары басқа өңірлердің тұрғындары үшін де қолжетімді: "Мама ПРО" әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының өкілдігі Астанада ғана емес, Алматы, Шымкент, Қостанай және Өскемен қалаларында да жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 15:14 113061
Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке компанияның былтыр атқарған қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайы, сондай-ақ дамудың перспективті бағыттары туралы есеп берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, соңғы екі жылда "Қазпошта" таза табыс тауып, бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық және баж алымдарын төледі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісі бойынша алғаш рет ең үздік 50 пошта операторының қатарына кіргені жөнінде баяндалды. Тасымал үдерісін оңтайландыру есебінен пошталық жөнелтілімдердің көлемі 26 пайызға өсті. Атап айтқанда, 20 миллион, соның ішінде 9 миллион халықаралық сәлемдеме жеткізілген.
Мемлекет басшысына HomePost жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Аталған бастама аясында үй жанындағы дүкендер аумағында тапсырыстарды беруге арналған 180 пункт ашылды. Биыл олардың саны 1 мыңға жетеді. YTO Express компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде пошталық инфрақұрылымды жаңғыртуға 50 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылды.
Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Президентке қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілетін инновация жайында айтты. Осы орайда Japan Post, Toshiba және Cainiao компанияларымен көлік және логистика салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, халықаралық маркетплейстерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Keruen сервисі дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе әуежайында мультимодальды қойма салу жоспарланып отырғаны жөнінде айтылды. Аумағы 15 мың шаршы метр болатын бұл нысан Түркияның S-Sistem компаниясымен серіктестік негізінде бой көтереді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның қаржылық жағдайын жақсарту, еліміздің ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту және цифрлық шешімдер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.01.2025, 12:10Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейі 4,5%-ға азайған 27.01.2025, 12:43 22511Қазақстан мен Түркияның 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды27.01.2025, 16:42 17161Тоқаев Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады27.01.2025, 16:46 16916Астық экспорты, инвестициялық жобалар және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту: Бектенов пен Чунлинь осы мәселелрді талқылады27.01.2025, 16:50 16606Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады
23.01.2025, 19:50 123371Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда24.01.2025, 16:20 119631Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті24.01.2025, 16:24 119231Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:38 118956Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 15:14 112571Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді
30.12.2024, 17:17 154731Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 148841Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 148516Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 148041Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137941Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті