26.11.2024, 18:28 1901

Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" халықаралық акциясы аясында Қазақстанда әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау тренингтері басталды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.


Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының қолдауымен ұйымдастырды.

Алғашқы тренинг Қызылорда қаласында өтті. Оған 50 әйел қатысты. Сарапшылар "Empowerment through Self-Defense" халықаралық әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқыту интерактивті форматта өтеді. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгеріп, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуді, қауіпті белгілерді анықтауды үйренеді.

Дәл осындай өзін-өзі қорғау тренингтерін Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшы қалаларында да өткізу жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны