13.05.2021, 20:57 14026

Қазақстандық делегация "Орталық Азия - Қытай" форматындағы отырысқа қатысты

Көпжоспарлы өзара іс-қимыл «Орталық Азия – Қытай» форматының назарында.

СИАНЬ. 13 МАМЫР - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация Сиань қаласында (ҚХР) өткен "Орталық Азия – Қытай" форматындағы 2-ші отырысқа қатысты. Іс-шараға Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері де қатысты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СІМ басшылары саяси, сауда-экономикалық және транзит-көліктік салалардағы одан әрі өңіраралық өзара іс-қимылдың перспективаларын қарастырды, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік және COVID-19 пандемиясымен бірлескен күрес мәселелерін талқылады.

Отырыс барысында тараптар дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру, ішкі өңірлік кооперацияны нығайту және қоршаған ортаны қорғау бойынша бірлескен жұмыс қажеттігін айтып өтті. Эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік мәселелерінде дипломатиялық күш-жігерді жандандырудың маңыздылығы атап өтілді. Форумға қатысушылар тараптар ұсынған бастамаларды іске асыру бойынша жол картасын әзірлеу туралы уағдаласты.

Тараптар Ауғанстандағы бейбітшілік процесінің барлық тараптары арасында консенсус қалыптастыруға және АИР-дың Оңтүстік және Орталық Азиядағы экономикалық процестерге біртіндеп интеграциялануына бағытталған халықаралық күш-жігерге қолдау білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша министрлер "Орталық Азия – Қытай" Сыртқы істер министрлерінің кездесу форматын құру туралы меморандум, COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық туралы, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және Ауғанстан бойынша бірлескен мәлімдемелер қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны