09.12.2024, 12:15 33856
Қазақстандықтарға қаржы пирамидасынан 20 млрд теңгеден астам шығын келтірілді
Достарға айту
Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығынмен қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді.
Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды.
Шара "Тәртіпті өзіңнен баста!" эстафетасы аясында өткізілді.
Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді.
Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы - әлеуетті салымшылар болған.
Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды.
Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды:
- тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
- жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту;
- интернетте белсенді жарнама жасау;
- компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі;
- заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы);
- салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) іске қосулы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.02.2025, 10:35 3186
Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізуде
Достарға айту
Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.
Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі.
Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.02.2025, 10:26 3536
ШҚО әкімі оған хат жолдаған 3-сынып оқушысымен кездесті
Достарға айту
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыс орталығындағы №24 мектепке барып, 3-сынып оқушысы Айзере Шыңғысқызымен және мектеп ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айзере әкіммен кездесу үшін хат жазған екен. Анасы оның бұл бастамасын бірден қолдады. Бірақ қызына облыс басшысы жұмысының тығыздығы мен хатқа жауап алмауы мүмкін екенін айтқан.
Анам: "Әкім хатқа жауап жазбаса, көңіліңді түсірме, оның жұмысы көп" деді. Бірақ бүгін әкім мектебімізге өзі келді, қала басшысымен де таныстым. Ол кісінің менімен әңгімелесуге уақыт бөлгені үшін өте қуаныштымын және ризамын. Ол өте әділ әрі ақылды адам екен", - дейді Айзере.
Өңір басшысы болу оңай ма?" деген сұраққа Ермек Көшербаев әр маман өз ісіңде маңызды миссияны атқаратынын айтты.
Жұмысшыларсыз кез келген басшы не істер еді? Зауытта - инженер, мектепте - мұғалім, ауруханада - медбике. Барлығы - өз саласының тәжірибелі мамандары. Олар қоғамның дамуына үлес қосуда", - деді облыс әкімі.
Айзере Шыңғысқызы - оқу озаты ғана емес, киокушинкай каратэ мен спорттық-бал биінен өткен жарыстардың жеңімпазы, зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері. Ол мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, қатарластарына үлгі боп жүр.
Мектеп оқушылары әкімге көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Сондай-ақ олар мектептің дамуы туралы да тілге тиек етті. Балалар аймақ басшысына спорт залдарын жөндеп, жаңа спорт алаңдарын салу жөнінде өтініштерін білдірді.
Айта кетейік, №24 мектеп - қаладағы ең үлкен білім ордаларының бірі. Ол 800 оқушыға есептелген болса, қазір мұнда 1500-ге жуық бала екі ауысымда оқып жатыр. 60 сыныпта 111 мұғалім білім береді. Сондай-ақ үш жылдан бері білім мен әскери-патриоттық тәрбиеге негізделген кадет сыныптары жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.02.2025, 09:44 4306
Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегіші екі есе артық су жинай алады
Достарға айту
Су ресурстары министрлігі тасқын суларды тиімдірек өткізу, ауылшаруашылық жерлерін суару және Солтүстік Аралдың су балансын сақтау үшін Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегішін қайта қалпына келтіреді. Нәтижесінде, нысан 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинай алады. Министр Нұржан Нұржігітов аймаққа жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті. Сондай-ақ, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарының жай-күйін тексерді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Бүгінде Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және нығайту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Жобаны іске асыру контрреттегіште екі есе көп су жинауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 1,5 млрд текше метрдің орнына 3 млрд текше метр су жинайды. Сондай-ақ, нысанды жаңғырту төтенше жағдай қаупін азайтуға және Солтүстік Аралға су жіберуді жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Нұржан Нұржігітов Отырар ауданында су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, мақта өсіру жобасын іске асыруға ниетті қытайлық инвесторлармен кездесті. Министр шетелдік кәсіпкерлермен бірге мақта саласын дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.
Одан әрі министр Бәйдібек ауданына барып, "Бәйдібек-ата" су қоймасының құрылысын тексерді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 48% орындалды. Су қоймасы 68 млн текше метр су жинай алады. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Мақтаарал ауданында министр ауыл шаруашылығы алқаптарынан жерасты суы ағызылатын "Мырзашөл" орталықтандырылған коллекторлық-дренаж каналының жұмысымен және жай-күйімен танысты. Өзбекстанмен шекара бойында орналасқан нысанда жағалау нығайту жұмыстары, сондай-ақ су келетін шағын каналдарды реконструкциялау жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:31 31021
Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті
Достарға айту
Елордада Алматы тау кластерін дамыту мәселелеріне арналған кездесу өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ тау шаңғысы индустриясының өкілдері мен халықаралық компаниялардың мамандары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында STEM International компаниясының басшысы Винсент Тассар өңірдегі тау шаңғысы туризмін дамыту жобасын таныстырды.
Жобаның негізгі мақсаттары:
- "Шымбұлақ" курортын кеңейту және оны "Ой-Қарағай" демалыс аймағымен біріктіру.
- Аспалы жолдар санын 13-тен 35-ке дейін арттыру.
- Курортқа келетін бір күндік туристер санын 6 мыңнан 24 мың адамға дейін көбейту.
- Тау шаңғысы трассаларының ұзындығын 41 шақырымнан 90-124 шақырымға дейін ұзарту.
- Жыл сайынғы туристік ағынды 5 миллион адамға дейін көбейту.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:10 31931
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:04 32326
Мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
Достарға айту
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.
Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:01 32611
Салмақты өлшеу жүйелері, электронды таблолар және жаңа жолдардың құрылысы: Бектенов Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жол саласын дамыту және аталған салаға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көлік министрі Марат Қарабаев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ағымдағы жағдай туралы, сондай-ақ Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 12 мың шақырым жол, оның ішінде 8 мың шақырым - республикалық жол желісі, 4 мың шақырым - жергілікті жол қамтылған. Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 7 мың шақырымды құрайтын ірі автожол жобалары аяқталғанын, стратегиялық маңызды нысандар: Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Шамалған стансасын айналып өтетін жол өтпесі, Түркістан облысында орналасқан еліміздегі алғашқы туннель пайдалануға берілгенін хабарлады. Сондай-ақ Қарағанды - Алматы, Талдықорған - Өскемен, Ақтөбе - Атырау - Астрахан, Қазталов - Жәнібек және Өнеге - Сайқын сияқты негізгі магистралдарда жол жүру қамтамасыз етілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың қалыпты жағдайы 93%-ға, жергілікті жолдар жағдайы 89%-ға жеткені атап өтілді.
Мемлекет басшысының жолдарды жыл сайын жаңарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2025 жылға 9,5 мың шақырымға жұмыс жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе - Ұлғайсын, Қарағанды - Жезқазған, Атырау - Доссор, Қызылорда - Сексеуіл, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл, Рудный, Шымкент және Түркістан қалаларын айналып өту жобаларын іске қосу және 2,5 мың шақырымға жөндеу жүргізу көзделген.
Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының басшысы Болатбек Айтбаев Үкімет отырысы барысында 2024 жылы республикалық желі нысандарын сараптамамен қамту 100%-ға, жергілікті желі бойынша - 99%-ға жеткенін хабарлады. Жол құрылысы сапасын бағалау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мердігер компаниялар өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге жұмыстарды қайтадан жасады. Биыл нысандарды 100% сараптамадан өткізу және жол-құрылыс материалдарының 10 мың үлгісіне сынақ жүргізу жоспарланып отыр.
Жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша автожолдарды диагностикалау бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде, автоматтандырылған бақылауға және электрондық көлік құжаттарына ауқымды көшу жүзеге асырылуда.
Премьер-министр жол саласы әлеуетін арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру, оның ішінде көлік-логистика саласына баса мән беру қажеттігін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер бар, бірақ қарқынды арттыра түсу қажет. Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды дайындауға кірісу керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Автожол жобаларын уақтылы қаржыландырудың және осы мақсаттарға арналған жер учаскелерін резервке қоюдың маңызы атап өтілді. Премьер-министр өңірлер әкімдіктерінің алдына тиісті міндет қойды. Резервке қойылған жерлерді беруге мораторий енгізу, олардың нысаналы мақсатын өзгерту тапсырылды. Өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеуі қажет. Көлік министрлігі жол салуға қажетті жерлерді мемлекет қажеттілігі үшін жедел сатып алуды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтауы тиіс.
Премьер-министр жергілікті жолдар желісін дамытуға баса назар аударды. Олжас Бектенов Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жеткіліксіз болып отырғанын атап өтті. Өңірлердің әкімдеріне құрылыс және реконструкциялау технологияларын сақтау, сондай-ақ жобаларды іске асыру мерзімдері мәселелерін бақылауға алу тапсырылды.
Отырыс барысында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
Көлік министрлігі осы жылдың сәуір айынан бастап "Қарағанды - Жезқазған", "Ақтөбе - Ұлғайсын" жолдары және "Сарыағаш қаласы айналма жолын" салу жұмыстарына кіріссін;
Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдардың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды қамтамасыз етсін, Ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмыстары жеделдетілсін;
Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Цифрландыру, Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, жаппай жол апаттарының алдын алу үшін нақты алгоритмдер енгізсін;
Көлік және Цифрлық даму министрліктері республикалық, жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына мониторинг жүргізу үшін осы жылдың соңына дейін "Е-жолдар" цифрлық платформасын пилоттық режимде іске қосуды қамтамасыз етсін;
Көлік және Цифрландыру министрліктері нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге тексеру жүргізіп, олардың көлік-логистика саласына белсенді енгізілуін қамтамасыз етсін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 12:51 33001
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 27,5 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Достарға айту
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі - ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 60,5 мыңнан астам адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 27,5 мың адам пайдаланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
ОЦК енгізудің басты мақсаты - қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті "электрондық хабарлама" болып табылады.
Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, "қандас" мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.
Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.
Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.02.2025, 09:44Түркістан облысындағы Көксарай контрреттегіші екі есе артық су жинай алады 05.02.2025, 10:26 3491ШҚО әкімі оған хат жолдаған 3-сынып оқушысымен кездесті05.02.2025, 10:35 3141Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізуде05.02.2025, 10:14 1726Қазақстан Ұлттық Банкі жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді05.02.2025, 10:39 1311Акциздердің жаңа мөлшерлемесі: жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80% бюджетке бағытталады
30.01.2025, 18:56 119956Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады31.01.2025, 16:58 117986"Қазақстан халқына" Қоғамдық қорын Лаззат Чинкисбаева басқарады31.01.2025, 11:27 113741Жұмыссыз қазақстандықтар кәсіптік біліктілікті тануға өтінім бере алады31.01.2025, 11:41 112951"Игі істі бөліс" республикалық флешмобы басталды31.01.2025, 12:42 112536Құрылысы 5 жыл бұрын тоқтап қалған Қызылорда су торабын жаңғырту жобасы аяқталды
24.01.2025, 16:38 133036Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда24.01.2025, 16:24 130306Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 130006Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті23.01.2025, 19:50 127336Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда09.01.2025, 17:13 1223762024 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 263 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді