25.12.2024, 17:06 18941

Қазақстандықтар әлеуметтік көмекті "әлеуметтік әмиян" арқылы алатын болады

Қазақстандықтар әлеуметтік көмекті "әлеуметтік әмиян" арқылы алады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

Мәжіліс қабылдаған "Пошта туралы" заңға енгізілген түзетулер жаңа цифрлық жүйе - әлеуметтік әмиянды енгізуді де реттейді. Ол жеке тұлғаларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға арналған. Пилоттық режимде әлеуметтік әмиян қазірдің өзінде республика бойынша 2000 мектеп оқушысының ыстық тамағына кеткен шығындарды өтеу бойынша жұмыс істеп жатыр. Оған емханалардағы дәріханалар қосылды, тұрмыстық газдың құнын субсидиялау тетігі сынақтан өтуде.

Түзетулер күшіне енгеннен кейін барлық мемлекеттік қолдау шарасы осы жүйеден өтеді. Бұл ваучерлік қолдау жүйесін енгізуге, атаулы көмек пен оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң сонымен қатар кеден брокерінің жұмысы үшін пилоттық жобаның мерзімін ұзартады. Бұл - пошта операторы ұсынатын кедендік брокер арқылы халықаралық сауда алаңдарында тауарларды сатып алу кезінде пайдаланушыларға кедендік рәсімдерді үйден шықпай-ақ аяқтауға мүмкіндік беретін цифрлық құрал.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны