03.06.2024, 20:20 23686

ҚазМұнайГаз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмекті 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты

Сондай-ақ, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері 352 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетті
ҚазМұнайГаз су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмекті 10 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен. Биыл сәуір айында "ҚазМұнайГаз" су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 3 млрд теңге бөлген болатын. Мамыр айында компания қосымша 7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат Samruk Kazyna Trust корпоративтік қоры арқылы бағытталатын болады. Одан бөлек, "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС тәулік бойы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері мен техникасын жанармаймен қамтамасыз етеді. Оған қоса ЖШС зардап шеккен облыстардың әкімдіктеріне өтеусіз негізде жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық жанар-жағармай ұсынды. Сондай-ақ, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері 352 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетті. Ал ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге атсалысып келеді (705 млн теңге жұмсалды), арнайы техника бөліп, адамдарды тасымалдау үшін көмекке автобустар беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны