07.06.2024, 12:28 99056

БҚО-да пайдаланбаған жер мемлекетке қайтарылды

БҚО-да пайдаланбаған жер мемлекетке қайтарылды
БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы пайдаланбаған жерд3 мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметінен.

Бұл бағыттағы шаралар жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру арқылы жүзеге асырылуда.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын талдау барысында ауданда жер телімін қолданбай келген шаруашылықтар анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде 3500 га астам жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 45 млн теңгеден астам соманы құрады.

Осы орайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылық тауар өндірішулеріне жер телімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсаты бойынша пайдалану қажеттігін түсіндіреді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны