10.07.2024, 12:10 26496

Бас әскери прокуратураның қадағалау шараларымен мемлекетке миллиард теңге залал өтелді

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің «K-Dorstroy» АҚ-на 1 млрд 36 млн теңге көлемінде аванстық төлем және 31 млн теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен. Аталған АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы «Жетіген» аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттенген, бірақ келісім шарттарын орындамаған. Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шаралар қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді. Нәтижелері бойынша залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 млрд 67 млн теңге аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны