15.10.2024, 14:53 40536

Еліміздегі мектептердің 88% инклюзивті білім беруге жағдай жасады

Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.

Биыл алғаш рет психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі енгізілді. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қолдау көрсету кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.

Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде 60 мың бала қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған. Бұл әрбір баланың сапалы білімге тең қол жеткізуі үшін жасалған маңызды қадам", - деп атап көрсетті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.


Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердің басты міндеті - әр балаға жеке қолдау көрсете отырып, бірегей қабілеттерін дамытуға және әлеуметтік сын-тегеуріндерге төзімділік танытуға көмектесу болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны