07.06.2024, 12:36 106161

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,8% төмендеді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,8% төмендеді
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1%, ал жылдық мәнде 0,8% төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен. ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2024 жылғы 4 маусым/: Тұз - 66 тг/кг Сәбіз - 195 тг/кг Құмшекер - 421 тг/кг Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны