09.09.2024, 16:30 33406

Маңғыстау облысында 39 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды

Маңғыстау облысының Қарақия ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында 39 млн теңгеге жарияланған конкурстың күші жойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, аудандық білім бөлімімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында ақпараттық жүйені техникалық қолдау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша конкурс жарияланған.

Прокурорлар әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат бергенін анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісімен конкурстың күші жойылып, білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтықты және заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны